Previous Page  153 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

153

Аллаһтың алдында үлкен күнә»

185

– делінген. Осы

жағынан кісінің Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайымен

үйленуі әрбір мұсылман үшін харам, ал ол кісілерді

құрметтеу міндет. Пайғамбарымыздың жұбайлары бар-

ша мұсылмандардың анасы делінгенімен, бұдан тыс

мәселелерде олардың туған аналары секілді емес. Мы-

салы, олар барша мұсылмандардың алдында жабулы

жүру керек, өз баласының алдында жүргендей жүре

алмайды.

58. Бірнеше әйел алуының негізгі мақсаты

шариғатты жеткізу дейді, мұны қалай

түсінеміз?

Бірнеше әйел алу пайғамбарлар үшін зәрулік,

өйткені діннің отбасы қатынастарын реттейтін үкімдері

өз алдына бөлек академияны қамтиды. Ал сол үкімдерді

үмбетке жеткізу үшін пайғамбарлар бірнеше әйелмен

шаңырақ көтеруге мұқтаж. Құранда «

Біз сенен бұрын

да елшілер жібердік. Оларға да әйелдер мен бала-

шаға бердік

»

186

деген аят осыны нақтылайды.

Әр жастағы, әр жағдайдағы әйелге әртүрлі

шариғаттың үкімдерін түсіндіру керек. Оның үстіне

пайғамбардың қарапайым тұрмыстағы, үй ішіндегі

жүріс-тұрысы көпшілік көзге беймәлім. Осыны елге

жеткізу үшін бір кісінің шамасы жете ме? Бірін бол-

маса бірін ұмытып, не болмаса байқамай қалады емес

пе? Сол үшін пайғамбар тұлғасын зерттейтін, оны

кейінгілерге жеткізетін бірнеше адам керек. Сол ана-

ларымыз болмағанда біз дінімізді толық үйрене алар

ма едік? Бұдан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйленудегі

басты мақсаты Ислам шариғатын жан-жақты түсіндіру

185

«Ахзаб» сүресі, 53.

186

«Рағыд», 38.