

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
149
заңы Мәдина кезеңінің соңғы жылдарында түскен.
Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеден өтуіне екі
жыл қалған уақыт еді. Бұл кезде шариғат тыйымы
түспегендіктен, Мәдина қаласының салт-дәстүрі бой-
ынша көп әйелмен үйлену ерсі көрінбейтін. Араб
жұртшылығында көп әйелмен некеде тұру қалыптасқан
дәстүрге айналған. Тарихшы Ибн Хабиб Ислам дінінің
алғашқы кезеңдерінде он әйелмен үйленген адамдардың
саны өте көп болғандығын айтады
177
. Сондай-ақ әйел
баласын адам ғұрлы санамайтын, зат секілді алып-са-
тып, керегінде қолданып, керек болмаса ұрып-соғып
жүре беретін еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бірнеше
әйелмен үйлену мәселесін жетік түсіну үшін оның
өмір сүрген ортасын, қоғамын, сол кезеңнің салт-
дәстүрін жете білу қажет. Ислам діні келгеннен кейін
адамдарды көп әйел алуға емес, керісінше, көп әйел
алуды азайтуға шақырды. Мысалы, біреулердің қырық
әйелі болды, сонда оларға қалаған төрт әйеліңді алып
қал да, қалғанының басына азаттық бер деп шариғат
заңымен бұйыратын. Осы шариғат заңы орнағаннан
кейін ешкімнің төрт әйелден артығымен үйленуге
болмайтындығы нақтыланды. Тіпті әйелдеріне әділдік
жасай алмаса, бір әйелмен шектелу ісі абзал екендігі
айтылды.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйленгендегі мақсаты
нәпсіқұмарлық болғанда, қас дұшпандары бұны жұртқа
жария етіп айтар еді. Бір жолы мүшріктер келіп: «Біз
саған Меккенің ең сұлу әйелін, қалаған байлығыңды,
қалаған мансабыңды берейік, тек мына ісіңді тоқтат»,
– дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.)
«Бір қолыма күнді,
бір қолыма айды алып берсеңдер де, мен бұл ісімнен
бас тартпаймын», –
деп жауап бергені мәлім. Ендеше,
177
Ибн Хабиб, әл-Мухаббар 50 б.