Previous Page  145 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

145

генде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Олай деме, Хадиша,

ренжимін

», – деп жауап берген.

Хадиша анамыз һижреттен үш жыл бұрын

пайғамбарлықтың оныншы жылында қайтыс болды

171

.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол жылды «қайғылы жыл» деп

атады. Одан кейін Аллаһ елшісі үш жыл бойы басқа

әйелге үйленбеді.

54. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айшамен

(р.а.) үйленудегі мақсаты не еді?

Хадиша анамыздың дүние салғанына 3 жыл

өткеннен кейінПайғамбарымыз (с.а.с.)Айша анамызбен

(р.анһа) үйленеді

172

. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатарынан

171

Ибн Сағыд, Табақат 8/217

172

Айша анамыз Пайғамбарымызбен 7 жасында некелесіп,

қаржы жағдайына байланысты 9 жасқа толғанда той жасап,

бірге отбасы құрғандығы айтылса да кейбір ғалымдар Айша

(р.а.) анамыздың Пайғамбарымызбен үйленгенде 17-18 жаста

болғандығын айтады. Дәлелдері:

1) Айша анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) уахи келмей

тұрып 5-6 жыл бұрын дүниеге келген. Ал Пайғамбарымыз

(с.а.с.) Айша анамызбен уахидың келуінен 10-11 жыл

өткеннен кейін үйленді. Олай болса Айша анамыз ол кезде

жоқ дегенде 17 жасында болған.

2) Пайғамбарымыз бен Айша анамыздың үйленгенін ешкім

ерсікөрмеген.Өйткенімұндайжасайырмашылығыменүйлену

ол кездің әдетіне айналған болатын. Бұған дәлел Омар (р.а.)

өзінің жас қызы Хафсаны Әбу Бәкірге ұсынған болатын. Әбу

Бәкір мен Хафсаның жас айырмашылығы Пайғамбарымыз

бен Айша анамыздың жас айырмашылығындай еді.

Пайғамбарымыздың Айшамен үйленгенін ешкім сынға

алмағаны секілді мұны да ешкім сынға алмаған.

3) Айша анамыздың әпкесі Әсма 100 жыл өмір сүрді. Ал

Айша анамыз Әсмадан 10 жас кіші болатын. Әсма Һижреттің

73-жылы қайтыс болды. Олай болса Меккеден Мәдинаға

һижрет еткенде оның жасы (100-73) 27-де болған. Сондықтан