Previous Page  141 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

141

Пайғамбарымыздың тоқтаған шешімі түгелдей қате

болмаған. Әйтпесе Жаратушы Ие артынша оны жоққа

шығаратын бір үкім түсірер еді. Одан кейін соғыстан

тапқан олжаны бөлісуге рұқсат етіп:

«Осыдан бастап

бодау алу мен олжа сіздерге адал етілді», –

деген аят

түсті.

Аллаһ тағала дұшпандарымен алғаш рет бетпе-

бет келген мұсылмандарды бұрын үкімі берілмеген

жағдаймен сынап, бұдан былай абайлау керек екенін

көрсетті. Осы бір ескертуден кейін мыналарды

тұжырымдай аламыз:

1) Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) да құл

екені ескертіліп, христиандар сияқты тым асыра сілтеп

(пайғамбарды құдай деп) жіберудің алдын алған.

Сахабаларға және барша үмбетке осыны ескерткен.

2) Алда-жалда Пайғамбарымыз (с.а.с.) уахидың

бірін жасырып қалар болса, осы сынды өзіне ескер-

ту жасалған аяттарды айтпас еді. Осы оқиға арқылы

да Аллаһ тағала мұсылмандар мен барша әлемге

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адал елші екенін дәлелдеді.

3) Мұнымен қоса үмбетке үкімі беймәлім жағдайға

ұшырасқанда өзара ақылдасудың маңызды екендігін

көрсеткен.

53. Алғаш кіммен үйленген?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) алғаш рет 25 жасында

өзінен 15 жас үлкен 40 жастағы Хадиша бинт Хуай-

лидпен үйленді. Хадиша анамыз Пайғамбарымызбен

үйленбей тұрып екі мәрте күйеуге шығып жесір

қалған. Бірінші күйеуінің аты Атиқ ибн Айз әт-Тәмими,

екіншісі Әбу Хала әт-Тәмими. Хадишаның әкесі Фижар

соғыстарында қайтыс болғандықтан, ол да Расулаллаһ

сияқты жетім өскен. Хадиша анамыз (р.а.) бай әрі