

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
138
51. Жеке басына қатысты «бұрынғы және
келешектегі күнәларының кешірілуі»
дегенді қалай түсінеміз?
Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өткен және
келешектегі күнәларының кешірілгендігі айтылған.
Құранда
«Осылайша Аллаһ сенің өткен және
келешектегі барлық күнәңді кешіреді»
166
делінген.
Мұны оқығаннан кейін «Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнә
жасаған ба?» деген сұрақ еріксіз ойға оралары хақ. Терең
ізденісті қажет ететін бұл аятқа қатысты ғалымдардың
пікірі түрлі бағытта өрбіген. Ғалымдардың басым
көпшілігі Пайғамбарымызды (с.а.с.) күнәсіз деп тапқан.
Сондай-ақ бұл жердегі «күнә» деген сөзді жан-жақты
түсінуге болады:
1. «Күнәңді кешірдім» дегені үмбеттің өткен және
келер күнәларының кешірілуі, өйткені қоғамда белгілі
бір топқа басшылық жасаған адам сол топтың іс-
әрекетіне де, күнәларына да жауап беретіні белгілі.
2. Пайғамбар (с.а.с.) дәрежесінің биіктігі ескеріліп,
«күнәлі болған күннің өзінде де кешірер едім» дегендей
мағынаны береді.
3
. «Жақсылардың игі істері – Аллаһқа ең
жақындардың нашар істерімен тең»
деген ұстанымға
сәйкес, ең жақсыны істемеу кейбір өте тақуа, әулие
кісілер үшін күнә саналуы мүмкін. Ал ең жақсысы
істелмей, тек жақсысы істелсе, бұл пайғамбарлар үшін
«зәнб» болады, сондықтан кейбір істер қарапайым
адамға сауапты іс саналса, ол пайғамбарлар үшін сүріну
болып танылған. Олар осы үшін кешірім сұрайтын.
4. Пайғамбарлардың күнәсі деп саналған істер
«зәллат» деп аталады, бірақ бұлар олардың деңгейіне
166
«Фәтх» сүресі, 1-2