Previous Page  136 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

136

періште бар. Құран кәрім Жәбірейіл (а.с.) туралы:

«Көкте періштелер оған бағынады. Ол сенімді»

163

деген. Ол Аллаһқа шын берілген, уахиға ең сенімді

періште. Құранды жеткізуші періштеде осы қасиеттер

ерекшеленсе, оны халыққа жеткізетін пайғамбарда да

осы сипаттың көрінуі орынды. Ұлы Рахман осы бір

қасиетке толы міндетті бойында күнәнің кірі бар адамға

жүктемесі анық.

Көңілінің көрсоқырлығы иман етуіне кедергі

етіп, иманның шуағына шомыла алмай кеткен дін

дұшпандарының өзі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өне

бойынан иненің ізіндей де мін таппаған. Ақиқатқа көзі

қанықса да, мойындауға ары жібермей, қанша жерден

қаскөйлік танытса да, Аллаһ елшісінің алдында мысы

құрыды. «Сиқыршы», «жынды» деп жалған сипат таңса

да, исмәтына (күнәсіздігіне) тиісе алмады.

50. Жеке басы күнәсіз бола тұра неге

Аллаһтан кешірім сұрап истиғфар еткен?

Құран кәрімде Аллаһ тағала

«Аллаһтан кешірім

сұра.Күмәнсіз,Раббыңөтекешірімді,өтемейірімді»

164

деген және тағы басқа аяттарда

165

хазірет пайғамбарға

(с.а.с.) истиғфар ету керектігін айтқан. Сонымен қатар,

163

«Тәкуир» сүресі, 21.

164

«Ниса» сүресі, 106.

165

«Әй, Мұхаммед, сабыр ет. Күмәнсіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат.

Кемшілігіңе кешірім тіле. Таң мен кеште Раббыңды мадақтап

пәкте» («Мүмин», 55), «Біліп қой, Аллаһтан басқа құдай

жоқ. Өз күнәң үшін және мүмин еркек-әйел үшін кешірім

тіле. Аллаһ сендердің бұ дүниеде істегендеріңді, о дүниедегі

баратын жерлеріңді біледі» («Мұхаммед», 19), «Аллаһтың

көмегі мен жеңісі келген кезде, адамдар топ-тобымен Исламға

кіргенде Раббыңды мадақта, пәкте, кешірім сұра. Күмәнсіз,

Ол тәубені қабыл етуші» («Наср», 1-3)