Previous Page  142 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

142

беделді саудагер болатын. Бірде сауда жасап, тауарды

сату үшін сенімді адам іздейді. Мұхаммедтің (с.а.с.)

адал әрі шыншыл, мінезі жақсы екендігі жайлы ха-

бар естігеннен соң елші жіберіп, Шамға барып сауда

жасап келуі үшін ұсыныс білдіреді. Мұхаммед (с.а.с.)

бұл ұсынысты қабыл алады. Бұл сапардан мол табы-

спен оралып, Хадиша анамыздың (р.а.) мал-мүлкін

түгелімен қолына тапсырады. Шамға бірге барған Май-

сара, бұл сапарда болған жағдайларды таңдана отырып

айтып берді. Мұны естіген Хадиша (р.а.) Мұхаммедке

деген сенімі артып, көңілі ауады.

Артынша хазірет Хадиша іштегі сырын ең алдымен

құрбысы Мүниәқызы Нәфисаға ақтарды:

– Нәфиса, Абдулланың ұлы Мұхаммедтің бойы-

нан бір артықшылық байқадым. Мұхаммед өте шын-

шыл, адал, сенімді, текті, қадірлі, қайырымды жігіт.

Жас та болса елдің құрметтейтін адамы. Майсараның

айтқандары мен дінбасының сөзіне қарасақ, ол –

болашақ адамзаттың пайғамбары. Оның үстіне Шам-

нан керуенмен келе жатқанда үстін көлеңкелеп тұрған

бұлтты өз көзіммен көрдім. Елдің аузына іліккен осы

жігіт неге үйленбей жүр екен? – деп бір тоқтады.

Нәфиса құрбысына мейірлене қарап:

– Рұқсат етсең, сенің осы арманыңның орында-

луына мен көмектесіп көрейін, – деді. Хазірет Хадиша

қуанышы қойнына сыймай:

– Егер шынымен көмектесемін десең, алғыстан

басқа айтарым жоқ, – деді.

Хазірет Хадиша оң жақта отырған жас қыз емес,

сондықтан Нәфиса бірден Пайғамбарымыздың өзіне

барды. Амандық-саулықтан кейін неге үйленбей

жүргенін сұрады. Мұндай сұрақты Пайғамбарымыз

күтпеген еді.