Previous Page  137 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

137

бірнеше хадистерде де Аллаһ елшісінің (с.а.с.) истиғфар

(кешірім тілеу) еткенін көреміз. Бұлай истиғфар етуінің

мәні мынада:

1. Барлық жақсы амалдардың ішіндегі ең жақсысын

істей алмай қалғандығы үшін Ұлы Рахман тәубе етуді

бұйырған.

2. Истиғфар бір жағынан ғибадат болып саналады,

сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кей риуаяттарда

жетпіс рет, кей риуаяттарда жүз рет истиғфар еткендігі

айтылады.

3. Айтқандарының барлығын алдымен өзі орын-

дап, үмбетке өнеге көрсеткенде, истиғфар етуде де үлгі

болуды мақсат еткен.

4. Истиғфарды ізгі амалдарды көбейтуге, жүрек

қаламайтын нашар әдеттерден бойды аулақ салу үшін

де жасаған.

Истиғфар – кешірім тілеу, күнәдан тазаруға сеп

бірден-бір амал. Күнәдан сақтанған адам – нәпсі

қалауынан туындайтын жамандықтарды жуып-шайған

адам. Ал мағфират «Бізді жаман жолға түсірме» деп

жалбарыну.

Пайғамбарлар Аллаһ тағалаға истиғфар еткенде

«истиғфар-зәнб» сөзі қолданылған. Бұл жердегі «зәнб»

сөзі «күнә» деген мағынада емес, кішігірім жаңылысуға

саяды. Айта кететін тағы бір мәселе, кісінің ұмытып не-

месе жаңылысып бір нәрсені істеуі ешқандай күнә да,

кінә да емес. Ал пайғамбарлар биік дәрежесіне сай,

бұл үшін көп кешірім сұрап тәубе еткен, өйткені сол

пайғамбарлардың сөзі мен жүріс-тұрысынан діннің

негіздері қалыптасты емес пе? Бұл аса мұқияттылықты

талап ететін үлкен жауапкершілікте сәл жаңылыс

шығып жатса, Аллаһ тарапынан түзету келіп, не болма-

са алдын-ала хабар келіп отырған.