

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
134
1. Мүшріктердің мұсылмандарды адам құрлы
көрмейтін Мекке кезеңінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
Хаббаб ибн Әратқа (р.а.) «Аллаһ бұл дінді кемеліне
жеткізеді. Дұшпандарын жояды және Ислам мемлекеті
салтанат құрады. Кез келген әйел адамның өзі Санадан
жалғыз шығып, Хадрамутқа аман-есен жетеді. Жол-
да Аллаһтан басқа ешкімнен де қорықпайды», – деп
болашақтан хабар берген. Бұл жағдайды әділетті төрт
халифаның (р.а.) дәуірінде елдің көзі көрді.
2. Бірде сахабалар ор қазып жатқан. Үлкен
бір тасқа кезігіп, сахабалар барлық күш-жігерімен
қозғауға тырысып, еш қимылдата алмайды. Бұл жай-
ды Пайғамбарымыз (с.а.с.) естіп, қолына қайласын
алып келеді де, тасты ұра бастайды. «Бисмиллаһ» деп
бірінші рет ұрғанда, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузы-
нан:
«Маған дәл қазір Византияның кілттері берілді»,
екінші ұрғанда
«Сасани қорғандарының жығылғанын
да көріп тұрмын»,
үшінші мәрте ұрғанда тас күл-
талқан болды, артынша
«Иранның кілттері де маған
берілгенін көріп тұрмын...» –
деген қасиетті сөздер
төгіліп жатты
162
. Алайда мұндай қиын-қыстау заманда,
әсіресе, Мекке мүшріктері қаптап келе жатқанда, олар-
дан аман қалудың өзі қиын кезде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
мұндай хабар беруі мұсылмандарды таңдандырды. Ара-
да бірнеше жыл өтті. Сағд ибн Әбу Уаққас, Халид ибн
Уәлид секілді үлкен қолбасшылар хадисте айтылған
жерлерге мұсылмандардың жеңіс туын тігіп, кілттері
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қолына тапсырылды.
Осыдан кейін айтқандарынан ешқандай ша-
шау шықпаған адамның пайғамбар болмауы, айтқан
сөздерінің Аллаһтың уахи арқылы білдіргеніне сенбеу
162
Ибн Кәсир, әл-Бидәя, 4/116; Ибн Һишам, Сирә, 3/230. Муснәд,
4/303.