Previous Page  130 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

130

бәстесулеріңнің уақытын ұзартып, түйенің санын арт-

тыр», – дейді.

Артынша Әбу Бәкір барып Үбәй ибн Халафпен

кездесіп, бәстесуді жүз түйеге, уақытын тоғыз жылға

ұзартты.

Артынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға һижрет

етті. Ұхұд соғысында Үбәй қайтыс болады. Бәсекеден

жеті жыл өткеннен кейін римдіктер парсыларды

жеңеді. Әбу Бәкір Үбәйдің мұрагерлерінен 100 түйені

алып Аллаһ елшісінің құзырына келді. Аллаһ елшісінің

нұсқауымен 100 түйені садақа етті

156

(Бұл оқиға екі

жақтық бәстесуге тыйым салыну үкімі түспей тұрып

болды).

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше сахабала-

рымен мешіт тұрғызып жатқанда Аммарға кімдердің

қолынан қаза табатыны жайлы:

«Әй, байғұсым-ай, сені

бүлік шығарушы топ өлтіреді»

157

деп хабар береді.

Аллаһ елшісінің бұл сөзі де отыз жылдан кейін іске асып,

Аммар хазірет Алиге қарсы бас көтерген бүлікшілердің

қолынан шейіт кетті.

Пайғамбарымыз бірде Абдуллаһ ибн Бусрдың ба-

сына мүбәрак қолдарын қойып:

«Бұл бала дәл бір ғасыр

жасайды», «Жүзіндегі мына сүйкімсіз сүйелдер де

кетеді»,

деді. Сахабалар бұл хадисті растап: «

Ол кісі

жүз жыл өмір сүрді, жүзіндегі сүйелдері де кетті

», –

деді.

«

Менен кейін халифат отыз жыл салтанат

құрады», –

деді. Бұған да тарих куә. Атақты төрт ха-

156

Кәшфул-хақайық ан нукутил аяти уад-дақайқ, Мұхаммед

Карим әл-Бақуи, «Рум» сүресінің тәпсірі. Сайд Құтып, «Фи

зилалил Құран», «Рум» сүресінің тәпсірі.

157

Кәнзүл-Уммал, 13/536; (қар: Бұхари, Саләт, 63; Мүслим,

Фитән, 70,72,73; Мүснәд, 12/161,164.