Previous Page  128 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

128

(с.а.с.) ғайыпқа қатысты кейбір мағлұматтарды білгені

ескертілген. Үмбеті алда кездесетін оқиғаларды,

қияметтің жағдайы сынды кейбір хабарларды жеткізуі

осы ойымызды нақтылай түспек.

Құранда «

Ол (Мұхаммед) өз ойынан сөйлемейді.

Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана

» деп

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқандарының барлығы

Аллаһтан келген уахи екендігін білдірген, сондықтан

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болашақ жайлы айтқандары

міндетті түрде жүзеге асқан. Бұл жайында бірнеше мы-

сал бере кетейік:

Христиан дінін ұстанатын римдіктер 613-614 жыл-

дары пұтқа табынушы парсылармен соғысып жеңіліске

ұшырады. Осы жеңілістен кейін 7 жыл өткеннен соң

римдіктердің қайта жеңіске жететіндігі жайлы аят

түседі. Аятта

«...Ең жақын жерде римдіктер жеңілді.

Олар жеңілгеннен кейін бірнеше жылдың ішінде

қайта жеңіске жетеді…»

155

ПарсыларШам жерін, Палестина менМысырдыжа-

улап алды. Қасиетті шіркеулерін күйретті. Римдіктердің

жағдайықаттынашарлады,көптегеншығынғаұшырады,

тіпті ел болып қайта аяққа тұруы мүмкін еместей күйге

түсті. Рим королі Гераклге өзінің қарамағындағылар

қарсы шығып, басшылық ыдырай бастады. Қысқасы,

барлық ел Римнің күйрейтін сәтін күтіп отырды. Міне,

осындай сәтте мұсылмандарға «Рум» сүресіндегі аят

түскен болатын. Аятта римдіктердің бірнеше жыл

ішінде қайта жеңіске жететіндігі білдірілді. Біреулер

үшін бұл аятқа сену мүмкін емес көрінді, тіпті араб

мүшріктері Құранның бұл аятындағы хабар орындал-

майды деп сенді. Алайда Құранның басқа аяттары

секілді бұл аят та ақиқат болғандықтан орындалаты-

155

«Рум» сүресі, 2-4.