

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
123
Пайғамбарымызодүниедеүмбетіненкейбіреулердің
өте қиын жағдайға тап болып, шапағатынан да мақұрым
қалатындығын сөз етеді. Бұлай болуы олардың
күнәларының ауырлығынан болса керек, сондықтан
ақиреттің ауыр жағдайына тап болмау үшін үмбетінің
тозаққа түсуін қаламайтын Пайғамбарымыз
«Мені ұятқа
қалдырмаңдар
»
6
деп мол ғибадат жасауымызды ескерткен.
Үкімде үмбеті үшін жеңілін таңдаған
Ақиреттегі Аллаһтың мүміндерге дайындаған жан-
натын білгендер үшін дініміздің бұйрықтары еш ауыр
соқпайды. Соған қарамастан мейірімді Пайғамбарымыз
(с.а.с.) үмбетіне әкелген дінінің негізгі ұстанымы да
кешірім мен мейірімнен тұрғызылғандай. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) дінді ең кемел түрде барлық үкімдерін толық
орындаса да үмбетіне келгенде ең жеңілін таңдайтын.
Айша анамыз (р.а.):
«Аллаһ елшісіне (с.а.с.) екі үкім ара-
сында таңдау берілгенде міндетті түрде оңайырағын
таңдайтын
»
145
деп жұмсақтығын білдірген.
Бірде Аллаһ елшісі сахабаларына қажылықтың па-
рыз етілгенін айтады. Сол жерде отырғандардың біреуі:
«Жыл сайын қажылық жасаймыз ба?» – деп сұрағанда,
Аллаһ елшісі жауап қайтармайды. Сұраушы сұрағын үш
мәрте қайталағанда, «Егер «иә» деп жауап бергенімде,
әр жылы қажылық жасау сендерге парыз болар еді,
әрі бұған шамаларың жетпес еді», – деп, осындай па-
рыз құлшылықтың өзін де шамасы келгенше үмбетіне
жеңілдетуді қалаған.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде:
«Үмбетіме ауыр
келмегенде, әрбір намаздың басында мисуак қолдануды
бұйырар едім
»
146
деген. Әр намаздың алдында мисуак-
145
Бұхари, Манақиб, 27; Мүслим, Фазайл, 77.
146
Бұхари, Жұма, 8; Мүслим, Тахарат, 42.