Previous Page  119 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

119

Аллаһтың құзырына барып Пайғамбарымыздың

сөзін жеткізді. Сонда Аллаһ тағала: «

Ей, Жәбірейіл,

Мұхаммедке бар да мынаны айт: «Біз сені үмбетің

жайлы қуандырамыз, еш ренжітпейміз

», – деп хабар

жеткіздірді. Пайғамбарымыздың да қалауы осы бола-

тын.

Айша анамыз былай дейді: «Бірде көңілді күйін

көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен үшін дұға тілейсің

бе?» – дедім. Ол: «Аллаһ тағалам, Айшаның өткен

және келер, жасырын және жария күнәларын кешіре

гөр», – деді. Айша (р.а.) бұған қатты қуанды. Сон-

да Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Бұл дұғам сені

қуанттыма?Аллаһтың атымен ант етейін, шындығында,

бұл дұғаны үмбетім үшін әр намазда оқимын»

144

деген.

Барша пайғамбарларға жауапсыз қалдырылмайтын

бір дұға нәсіп етілген. Алайда олар дұғаларын дүниеде

қолданды. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) дұғасын

ақиретке қалдырды. Ақиретте үмбетінің қиын сәтінде

шапағат ету үшін сақтады.

Қайта тірілгенде, қыл көпірде, есеп бергенде қол

ұшын созып, үмбетін уайымдап жүреді. Дүниеде бала-

сы үшін жанын беруге дайын ана қорқыныш пен үрейлі

махшар күні баласынан қашатын күн туады. Міне,

осындай күні тіпті пайғамбарлардың барлығы өз ба-

сын уайымдауға көшкенде Мұхаммед пайғамбарымыз

(с.а.с.) «үмбетім, үмбетім» деп үмбетінің жағдайына

алаңдайды. БұлжағдайдыАллаһ елшісі (с.а.с.) өз сөзінде

былайша баяндайды: «

Қиямет күнінде адамзаттың

басшысы мен боламын. Не үшін, білесіңдер ме? Аллаһ

тағала барша адамзатты тегіс бір жерге жинайды.

Ол жерде бір-бірін көре алады, айқайлап шақырғанның

даусын ести алатын жер. Сол кезде Күн адамдарға

144

Сахих ибн Хиббан 47/16