Previous Page  125 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

125

парыз болып кетуінен қорыққаным»

148

деген. Иә, егер

тарауих намазы парыз болғанда, оны оқымағандар

күнәға батар еді. Бес уақыт намаз секілді орындасаң

сауап, орындамасаң ақиретте жазасы ауыр күнәға ай-

налар еді.

Миғражда үмбетін ойлады

Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға шықты, ешбір

жаратылысқа нәсіп болмаған Аллаһтың құзырына бар-

ды, жаннат пен тозақты көрді. Аллаһ тағаланың

«әс-

саламу алайкум аййуһән-нәби»

(Әй, нәби, саған сәлем

болсын!) деген сәлемін алды. Мұндай қасиетті сәлем

сөзіне тек өзі ғана бөленбей, Аллаһтың сәлемі «

әс-

сәләму алайна уа ала ибадиллаһис-салихин» (Аллаһтың

сәлемі бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарының

бәріне болсын

!) деп үмбетінің салихалы құлдарына да

болатынын айтты. Осылайша барша жаратылыстың

жаратушысы Аллаһ тағаланың құзырында тұрғанда да

өзінің үмбетін ұмытпаған.

Миғражда Аллаһтың мол нығметінің ортасын-

да жүрсе де үмбетіне қайта оралған Пайғамбарымыз

(с.а.с.): «

Мүміндер жаннатта жұма күні Аллаһ

тағаланың дидарын тамашалайды

», – деп сүйіншіледі.

Негізінде, дүниеде мыңдаған жыл рақат өмір сүрсең де

жаннаттың бір күніне тең келмейтіні секілді, жаннаттың

мыңдаған жылы бір сағаттық Аллаһтың дидарын көруге

тең келмейді.

Үмбетінің ақирет азабына ұшырататын күнә істері

үшін қатты қынжылатын.

Адамның нәпсісі көбіне жамандыққа итермелейді,

жалқаулық пен ақирет қамын ойламауға, ғапылдықа

жетелейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) әрдайым бізді

148

Сахих Мүслим, 2/177; №1819 хадис