Previous Page  124 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

124

пен тісімізді тазалау қиындық туғызар еді, әрі мисуак

табу әрбір мұсылманға оңай тимейді.

Аллаһ елшісі құлшылыққа қатты беріліп, намазда

жеке тұрғанда ұзағынан оқитын, әсіресе, нәпіл намазда-

рын ұзағынан беріліп оқығанда, сахабалар ұюға шыдай

алмайтын. Баланың жылағанын ести қалса, намазды

тездетіп бітіретін. Анасының алаңдамауын қалайтын.

Намазда имамдық жасағандарға: «

Сіздерден

біреулеріңіз жамағатқа имамдыққа шығып намаз

оқытатын болса, жамағаттың жағдайын еске-

ре отырып, оларға ауырлық тудырмайтындай етіп

оқытсын, өйткені жамағаттың ішінде әлсіз, науқас

және қарттары бар. Ал егер жеке оқыса, қалағанынша

ұзақ оқи алады

»

147

деп нұсқау берген.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) істеген уәжіп, сүннет,

нәпіл құлшылықтарының барлығы мұсылман үмбетіне

парыз болғанда халіміз не болар еді, сондықтан

Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейбір істерін сахабаларынан

жасырып, кейбіреулерін әдейілеп тәрк еткен. Өзі түнгі

тәһәжжуд намазын қалдырмай оқыса да үмбетіне па-

рыз болмас үшін ешкімге міндеттемеген. Ораза айын-

да тарауих намазы үмбетіме парыз болмасын деп кей-

де көпшілікпен оқымаған. Айша анамыз (р.а.) ораза

айындағы мына жағдайды баяндайды: «Бірде Аллаһ

елшісі (с.а.с.) мешітте намаз оқығанда, жамағат оған

ұйып тұра қалды. Екінші түні оқығанда, адамдардың

саны арта түсті. Үшінші және төртінші түні осы на-

мазды оқуға жиналғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.)

шықпады. Таң атқанда, оларға: «

Сендердің мешітке

келіп, менімен намаз оқуды қалағандарыңды білдім.

Намазға шықпауымның себебі, сендерге тарауихтың

147

Бұхари, Саләт, 183; Тирмизи, Саләт, 61.