Previous Page  127 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

127

көзге көрінетін әлемнен ары асып, метафизикалық

әлемге қарай соқпағы созылып жатқан ұғым. Құран

кәрімде ғайыпты Аллаһтан басқа ешкімнің де біле

алмайтыны жайлы былай делінген:

«Былай де:

«Жердегілердің де, көктегілердің де ешқайсысы

ғайыпты білмейді. Ғайып тек Аллаһқа ғана аян

және олар қашан тірілтілетіндерін де білмейді»

152

және

«Ғайып тек Аллаһқа белгілі. Ол құрлық пен

теңіздегі барлық нәрсені түгел біледі. Жапырақтың

үзіліп түскенінен де хабардар. Қараңғы жер астын-

да көміліп қалған дәнек те, қураған шөп пен жас

өсімдік те кітапта (тағдыр кітабында) жазулы»

153

.

Осы сынды бірқатар аяттарға қарағанда, Аллаһ тағала

өзінің ғайыпты білетін шексіз іліміне ешкімді де ортақ

етпейтінін байқаймыз, бірақ өзінің таңдаулы құлдарына

кейбір нәрселерді білдіруі мүмкін. Солардың бірі –

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.). Оны жан-

жақты қорғап, көрмеген-білмеген кейбір ғайыпты уахи

етеді. Берген хабарының мазмұны оқиға түрінде жүзеге

асады. Көбіне аят пен ишарат арқылы мәлім етіледі.

Аллаһ тарапынан осылайша ілімге иелік еткенімен,

ғайыпты білген болып есептелмейді, өйткені пайғамбар

білу үшін бір нәрсеге мұқтаж. Білгеннің өзі абсолютті

ғайып емес, хабар берілген ғайып.

Расулаллаһ (с.а.с.) өз бетінше ғайыпты біле алмай-

ды. Оған (с.а.с.) Аллаһ қалағанын білдіреді. Құранда

«Міне, бұлар ғайып хабарлары. Мұны саған уахи етіп

жатырмыз. Бұдан бұрын сен де, елің де білмеуші еді.

Сабыр ет. Түбінде жетістікке жететіндер – тақуалар»

154

деген. Осы жерде де хазірет Пайғамбарымыздың

152

«Нәміл» сүресі, 65.

153

«Әнғам» сүресі, 59.

154

«Һуд» сүресі, 49.