

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
133
шыққаны
» деп, оларға барып болашақты болжатуға
тыйым салған.
Қарапайым адамның болашақтағы жағдайлар бы-
лай тұрсын, өзінің өмір сүріп отырған уақытындағы
оқиғаларды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп айтып
беруі әсте мүмкін емес. Сол сияқты саясаткерлер мен
әлеуметтанушылар да заманның тамырын басып, елу-
алпыс жылдан кейін не болып, не қоятынын дөп басып
айта қоюы екіталай. Егер бір болжам айтылды деген
күннің өзінде қазіргі жағдаймен қатар салыстырылып,
тарихи заңдылықтар негізге алынып, ғылыми гипотеза
ғана жасалуы мүмкін. Ал келешектің еншісіндегі кез
келген уақытта орын алатын ұлы өзгерістерді ап-айқын
айтып беру тек Аллаһқа ғана тән. Егер болашаққа
қатысты дәлме-дәл хабар берген біреу болса, ол
Аллаһтың уахиынан қуаттанған пайғамбарлар ғана.
Тарихты өте жақсы білетін, орын алып жатқан
оқиғалардың негізін көріп, тұжырым жасай алатын
парасатты адамдар болашақты болжауы мүмкін, бірақ
белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып айтады. Бұл
ғайып хабары емес. Олардың беретін хабары ауа райы
болжамы, ана құрсағындағы баланың жынысы сынды
белгілі бір құралдарды қолдануға мұқтаждықтан ту-
ады. Ары кетсе белгілі бір уақыттан кейінгі әлемдегі
экономикалық немесе саяси ахуалды болжауы мүмкін.
Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болашақ туралы
айтқандары ол заманда белгісі байқалмақ тұрмақ,
иісі де сезілмейтін, кісі айтса сенгісіз ғаламаттар еді.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғайыптан берілген хабар бы-
лай тұрсын, Аллаһтың бар екенін айтып жалпақ жұртты
сендіре алмай жүргенде, мүмкін еместей көрінген
келешектің хабарын нық сеніммен айтқанына қараңыз.
Бірнеше мысал келтіре кетейік: