

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
139
байланысты. Яғни, зәллаттар қарапайым адам үшін
қателік емес, бірақ Аллаһқа басқалардан гөрі жақын
жүрген муқаррабиндер үшін кішігірім қателік ретінде
есептеледі.
Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) нәбилік келмей
тұрған уақыттың өзінде дұшпандарының қаралайтын
ешқандай дәлелдері жоқ еді. Оның пайғамбарлықтан
бұрын да қараңғылық пен надандықтың ешбір ісіне
араласпағанын сахих хадистер растап отыр.
Балалық шағында Қағбаның жөндеу жұмыстары
кезінде иығына тас салып арқалап, ағаларына
көмектескені бар. Тас қажағандықтан, етегін көтеріп
иығына төсемек болғанда, саны ашылып қалады. Сол-
ақ екен мұрттай ұшып түседі. Дереу тізесін қайта жаба
қояды. Осы оқиғадан Расулаллаһтың (с.а.с.) бұрын да
тікелей Аллаһтың тәрбиесінде болғаны байқалады.
52. Құранның кей жерлерінде Расулаллаһқа
(с.а.с.) ескертулер жасалған ба?
Құран кәрімде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кейбір
іс-әрекеттеріне байланысты ескертулердің түскені
рас. Мұның бірі Бәдір соғысына қатысты. Соғыста
мұсылмандардың мерейі үстем болып бірнеше мүшрікті
қолға түсіреді. Бұрын-соңды мұндай ірі жеңіске қол
жеткізіп көрмеген мұсылмандар тұтқындарға қандай
шара қолданарын білмейді, өйткені бұған дейін ол ту-
ралы уахи түспеген еді. Ақырында, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) сахабалармен ақылдасып шешпек болады. Ал-
дымен Әбу Бәкірден (р.а.) сұрағанда ол кешіріммен
қарау керектігін айтады. Ал хазірет Омар (р.а.)
тұтқындардың Меккедегі ең беделді адамдар екенін
айтып, бұлардың көзін жойса, күпірліктің түбіне
балта шабылатынын алға тартады. Ең жақын деген