Previous Page  144 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

144

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша (р.а.) анамызбен

үйленерде қарпайым адамның ойына келетіндей оның

дене бітіміне, жасына, көркіне, тән сұлулығына еш

мән бермегенін байқаймыз. Егер мұндай жағына мән

бергенде Аллаһ елшісі (с.а.с.) міндетті түрде өзінен

жас немесе өзімен құрдас, әдемі әйелді таңдар еді.

Алайда Мұхаммед (с.а.с.) Хадиша анамыздың халық

арасындағы беделіне, адалдығына, ерекше қасиеттеріне

қарады

169

, өйткені сол надандық заманында Хадиша

анамыз «таһира», яғни «арлы, таза» деген лақап ат-

тармен елге танымал еді. Ол жайлы Ибн Сағд: «

Хади-

ша құрайыштықтар арасында текті болуымен қоса,

олардың ішіндегі ең абыройлысы, беделдісі, байы әрі

ақылдысы еді

»

170

, – дейді.

Хадиша анамызбен бірге ерлі-зайыпты болып

жүрген сәтте екінші әйел алуды еш ойлаған емес.

Көпшілігімізге белгілі, ер адамда 25 пен 50 жас

аралығында әйелге деген сезімі мен құмарлығы басым

болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәл осы жастық шағын

өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызбен бірге өткізді.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) 50 жасқа толғанда Хадиша ана-

мыз 65-ке жетіп қайтыс болды. Егер Пайғамбарымыз

(с.а.с.) екінші бір әйел алуды қалағанда оның орын-

далуына ешкім кедергі келтірмес еді, тіпті оны өзінің

әйелі Хадиша анамыз да құптар еді. Бірде Хадиша

анамыз: «

Мен қартайдым, басқа әйелге үйлен

», – де-

169

Әбу Жәһил оған үйлену туралы ұсыныс жасаған. Алайда

Хадиша оны қабылдамаған. Кейіннен Әбу Жәһилдің

Пайғамбарымызға қарсы шығу себептерінің бірі осы мәселе

болуы да мүмкін. Осы некеден кейін Әбу Жәһил өшпенділігі

өрши түсіп, «Некелесетіндей құрайыштың жетімінен басқа

ешкімді таппай қалды ма?» деп, Хадиша анамыздыжазғырған

екен.

170

Ибн Сағыд, Табақат 1/131