

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
147
үлгі бола білді. Мұсылман әйелдердің сұрауға
ұялған сұрақтарына ол Пайғамбарымыздан үйренген
білімімен жауап берді. Айша (р.а.) – 2000 хадисті ри-
уаят еткен, мұсылман ер мен әйелдердің мұғалімі
бола білген ардақты анамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
оған сүйіспеншілігін «Хумәйра» деп лақап ат қойып
білдірген. Аллаһ елшісі (с.а.у.) хазірет Айша туралы:
«
Дініңіздің жартысын осы Хумәйрадан үйреніңіздер
»,
– деген
175
.
ҒалымсахабалардыңбіріӘбуМұса әл-Әшғарионың
хадис іліміндегі дәрежесі жайлы: «Біз, пайғамбардың
сахабалары бір хадистің сырын ұға алмағанда хазірет
Айшадан сұрайтынбыз. Хазірет Айшаның міндетті
түрде ол хадис жайлы мәліметі бар болатын», – деп
атап көрсеткен
176
.
ИмамЗуһри: «Егерөз дәуірініңбүкіл ғалымдарымен
Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір
жерге топтаса, хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді»,
– деп ілімінің дәрежесін білдірген.
Айша анамыз жомарттықты Пайғамбарымыздан
үйренген. Өзіне берілген сыйлықтардың барлығын
пақыр-міскіндерге таратып беретін. Хишм ибн Уруа,
Айшаның 70 мың дирхамды садақа етіп, өзіне еш
нәрсе қалдырмағанын айтады. Күндіз ауыз бекіткеннің
өзінде қолына түскен ақшаны таратып, ауыз ашарға
не алып қаламын деп еш ойламайтын. Омар (р.а.)
Ирактан түскен олжаларды бөліп, Айша анамызға да
үлесін бергенде, Айша (р.а.): «Уа, Раббым! Омардың
сыйлықтарын алу үшін өмір сүргізбе», – деп сыйлық
алу үшін емес, беріп, көмектесу үшін жүргендігін
білдіреді. Абдуллаһ ибн Зүбәйр бірде Айша анамызға
175
ән-Нурул-халид, 2:409.
176
Тирмизи, Мәнақиб, 3877.