Previous Page  152 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

152

бірауыздан: «Иә, разымыз», – деп жауап береді.

Сырқаттанып жүрсе де әйелдерінің ақысын кемітпеуге

асқан жауапкершілікпен қараған. Ал Айша анамызды

ерекше жақсы көруіне келсек, оны Аллаһтың жүрекке

салған сезімі деп түсінеміз.

Ардақты елші (с.а.с.) Ұлы Рахманның құзырына

аттанар алдында қатты ауырып, төсек тартып жатып

қалды. Күн өткен сайын, дерті меңдеп, басы ауырып,

қатты қиналды. Осы қиын шақта да жарларына де-

ген ыстық ықыласы мен әдептілігінен жаңылған жоқ.

Әйелдерін кезекпен аралап шығуға шамасы жоқтығын

сезгенде бір бөлмеде қалуды жөн көріп, рұқсат сұрады.

Барлық жары бұл тілекті бірауыздан мақұлдады. Аллаһ

елшісі ақырғы күндерін хазірет Айшаның (р.анһа)

бөлмесінде өткізді

183

. Ең ауыр шақта да жарларының

құқықтарын құрметтеп, әрдайым ұлағатты әрекет етті.

57. «Мүминдердің анасы» деген атауды

қалай түсінеміз?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) отау құрып, бала

сүйді. Дүние салғанда артында жұбайлары қалды.

Дініміз бойынша, кез келген әйелдің ері өлгеннен

кейін өзге біреуге үйленуіне рұқсат етіледі, алай-

да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларына тыйым

салынған, өйткені олар мүминдердің аналары іспеттес.

Құранда бұл жайлы:

«Пайғамбар мүминдерге өз

бастарынан да аяулы. Пайғамбардың әйелдері

оларға ана...»

184

және:

«Сендерге Аллаһтың расу-

лын қиындықта қалдырып, ол қайтыс болғаннан

кейін әйелдерін өз некелеріңе алуларың харам. Бұл

183

Ибн Сағыд, Табақат, 2/231; Ибн Хишам, Сира, 4/298.

184

«Ахзаб» сүресі, 6.