Previous Page  148 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

148

100 000 дирхам жібереді. Айша анамыз мұнша ақшадан

ақшамға дейін бір тиынын қалдырмай, барлығын мұң-

мұқтаждарға таратып жібереді. Сол күні аузы берік бо-

латын. Қызметшісі Айша анамызға: «Кешкі тамаққа бір

нәрсе алып қалмадыңыз ба?» – дегенде, «Мұны ерте-

рек айтуың керек еді», – деп бұл ісіне еш өкінбестен

тәуекел етіп жүре берген. Айша анамыз өзіне тиесілі

бір үйді Мұғауияға сатып, одан түске қаржыны кедей-

лерге таратқан. Мұнымен шектелмей жетім балалар-

ды алып, тәрбиелеп, өсіріп, үйлендіретін. Бұл істерді

міндетім деп білетін. Ол кездері бір құлды азат ету

үшін халықтан жылу жинап, әрең дегенде азат ететін.

Ал Айша анамыз азат еткен құлдардың саны 62-ге жет-

кен. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге тәһәжжуд нама-

зын тастамауға тырысқан. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние

салғаннан кейін де құлшылыққа деген ынтасын сәл де

болса азайтқан емес.

Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айша ана-

мызбен үйленудегі мақсаты – шариғат білімін терең

үйрету, әсіресе әйел кісілерге қатысты мәселелерді

толығымен меңгерту және барша мұсылман жұртына

үлгі болу, өйткені бұдан кейін пайғамбар келмейді,

ақиретке дейінгі мұсылмандарға қатысты сұрақтар,

әсіресе әйел кісілерге қатысты мәселелердің жауабын

үйретіп кететін зерек ойлы Айша анамыз керек болды.

Түптеп келгенде, кейінгілерге сонша білім үйретіп кет-

кен Айша анамызға барша мұсылман әйел баласы бо-

рыштар.

55. Көп әйел алу сол кезеңнің салт-

дәстүрінде бар ма еді?

Құрандағы «Ниса» сүресінің үшінші аяты, көп

әйелмен үйленуді шектеуге байланысты шариғат