Previous Page  143 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

143

– Үйленетін жағдайым жоқ, – деді. Шынында,

Расулаллаһтың үйленуге жағдайы жетпейтін. Отба-

сын құрып, оның жауапкершілігін өз мойнына ала-

тын адамның ең аз дегенде сол отбасын бағып-қағуға

жететіндей мүмкіндігі болуы керек еді.

Мәселенің мән-жайын түсінген Нәфиса іркіліп

қалмады:

– Егер ақша жағынан бір шешімі табылып, әдемі,

дәулетті, арлы әйел табылып жатса, бұған не дер едің?

Нәфисаның әңгіме ауанын қайда бұрып жатқанын

Пайғамбарымыз да түсіне бастады.

– Ол кім?

Нәфиса «өзіңнің теңің деп» Пайғамбарымызға

хазірет Хадишаны айтты. Пайғамбарымыз Хадишаның

өзі келісім бере ме екен дегендей емеурін танытты.

Нәфиса ең бірінші Пайғамбарымыздың келіскеніне

қуанып, «оны өзім көндірем» деп кетіп қалды.

Сүйінші хабардыжеткізу үшін дереу Нәфиса хазірет

Хадишаға асықты. Нәфисаның әкелген хабары хазірет

Хадишаның жанын жадыратып, көңіліне шаттық сый-

лады.

Аллаһ расулы осыншама маңызды мәселеде

үлкендермен кеңеспестен шешім қабылдауды жөн

көрмеді. Әбу Тәліпке барып, Нәфиса екеуінің арасында

болған әңгімені айтты.

Көп

уақыт

өтпей-ақ

ақ

неке

қиылып,

Әбділмүттәлибтің ұлдары Әбу Тәліп, Аббас

168

және

Хамза – үшеуі Хадишаны айттыра барды. Құдалар өзара

келісіп, екі әулет арасында қажетті салттық рәсімдер

орындалып, той жасалды. Пайғамбарымыз Хадиша

анамызбен бақытты отбасын құрды.

168

Кейбір деректерде бұл құдалықта хазірет Аббастың

болмағандығы айтылады.