Previous Page  140 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

140

достарының пікірін тыңдаған Пайғамбарымыз

: «Әбу

Бәкір, сен атам Ибраһим мен Исаға ұқсайсың. Олар

өздеріне қарсы шыққан қауым үшін Аллаһтан кешірім

тілеген. Омар, сен Нұхқа тартқансың. Ол ақиқатқа

қарсышыққан қауымды иман еткендерге кедергі етпеуі

үшін Аллаһтан жойып жіберуін сұраған», –

дейді.

Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына кешірім

етеді. Міне, осы оқиғадан кейін арада бір күн өтісімен

Хазірет Омар (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келеді.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әбу Бәкірмен бірге жылап

отырғанын көреді. Омар (р.а.) жаны қалмай: «Аллаһтың

елшісі, неге жылап отырсың? Егер жылайтын нәрсе

болса, айтыңдар, мен де жылайын, болмаса мен сендер

жылағандарың үшін жылаймын», – деді. Сонда Аллаһ

елшісі (с.а.с.) Омарға (р.а.) қарап: «Омардың шешіміне

мән бермегендігімізден үлкен азапқа душар бола

жаздадық. Егер ол азап келгенде одан тек Омар ғана

құтылатын еді! Бұл жайлы аят мына ағаштың түбінде

маған түсті», – дейді.

Сөйтсе Жәбірейіл періште Бәдір тұтқындарына

құн төлеттіріп, оларды азат еткендіктері үшін

Пайғамбарымызға (с.а.с.) ескертіп: «Ешбір пайғамбарға

жауды толық жеңбейінше, тұтқын ұстап, олардан бо-

дау алу арқылы оларды азат ету дұрыс емес. Сендер

дүниенің пайдасын ойлайсыңдар, Аллаһ сендерге

ақиретті қалайды. Аллаһ өте үстем, хикмет иесі. Егер

Аллаһтан алдын-ала беріліп қойған үкім болмағанда,

(тұтқындардан бодау) алғандарың үшін үлкен азапқа

душар болар едіңдер»

167

, –

деген аят түседі.

Егер бұрын-соңды бұл туралы үкім түскенде,

ойланбастан Аллаһтың әмірін Пайғамбарымыз

(с.а.с.) бұлжытпай орындайтын еді. Жоғарыдағы

167

«Әнфал» сүресі, 67.