Previous Page  135 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

135

мүмкін бе? Оның ғайыптан берген хабарларына қарап

төмендегідей қорытынды жасай аламыз.

Келешектен хабар бергенде ешқашан да «бұл

менің ойым», «солай шығар» деген сияқты екіұшты

сөзге бармаған, керісінше, «күндердің күнінде өздерің

куә боласыңдар» деп, әр сөзін нық сеніммен айтқан.

Қарапайым адамның өзі көрмеген, тәжірибесінде

кезікпеген нәрселер турасында келешек жайлы ауыз

толтырып жаңалық жеткізуі мүмкін емес. Аллаһтың

елшісі (с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын әскерге

қолбасшы, не топ адамға басшы, не бір мемлекеттің

іргетасын қалаған немесе аты әлемге әйгілі ғалым бо-

лып аты шыққан емес.

Тарих ақылмен емес, жазылған құнды еңбектермен

танылады. Ал соңғы нәбидің өткен қауымдар жайлы

айтқан ақиқаттары ешбір кітапта, ешбір тарихи құжатта

кездеспейтін дүниелер.

49. Күнәсіздігін қалай түсінеміз?

Аллаһ тағала адамдар арасынан пайғамбар

таңдағаннан кейін оларды жан-жақты қорғаған. Бұл

қорғау исмәт сипатына, күнәсіздікке алып келген. Ең

кішкентай қателіктен де қорғалған, себебі соларға қарап

бой түзейтін, артынан ерген тұтас үмбет бар.

Адам баласы иман, сенім және амалдарға тиісті

барлық діни үкімдерді пайғамбар арқылы үйренеді.

Әрі екі дүниенің бақытына қол жеткізуі үшін,

Пайғамбардың, дінді ең кәміл түрде ұстанғанын көруі

қажет. Ал егер жолбасшының өзі күнәға бой алдыратын

болса, онда пайғамбардың соңынан ілесудің нендей

парқы болмақ?

Тағы бір жағынан пайғамбарларға уахи әкелетін

үлкен сенімге ие әрі ұлық міндетті арқалаған Жәбірейіл