

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
131
лифа мен Алидің ұлы Хасанның мұсылман үмбетін
басқаруы 30 жылға созылды.
«
Осман Құран оқып жатқанда өлтіріледі
».
Айтқанындай хазірет Осман (р.а.) Құран оқып
отырғанда бүлікшілер қолынан һижри 35-жылы зул-
хижжа айында шейіт болды.
Бәдір соғысы басталмай тұрып құрайыш
мүшріктерінен кімнің қай жерде өлетінін жеке-жеке
көрсеткен еді. Айтқаны айна-қатесіз келді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттанып жатқан
күндердің бірінде қызы Фатима анамызды (р.анһа)
қасына шақырып алып, құлағына сыбырлайды. Хазірет
Фатима осы сыбырды ести сала жылап, жүзінен мұң
байқалды. Артынша Аллаһ елшісі оның құлағына тағы
да сыбырлады. Бұл жолы Фатима анамыз қатты қуанды.
Бұл жайды Айша (р.анһа) анамыз да байқап қалып мән-
жайды сұрағанда, Фатима анамыз: «Бұл Аллаһ елшісіне
тиісті сыр», – деп мән-жәйді айтпады. Хазірет Айша
Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін арада біраз
уақыт өткеннен соң Фатима анамыздан қайта сұрайды.
Сонда Фатима анамыз: «Бірінші шақырған кезде, өзінің
көз жұматынын айтты, сол үшін жыладым
158
. Екінші рет
шақырғанда, «Отбасының ішінде алғашқы қауышарым
сенсің» деді. Мен соған қуандым», – деп жауап береді
159
.
Айтқандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озғаннан
кейін алты ай өтісімен Фатима анамыз дүние салды.
Ыстамбұлдың алынуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір
сөзінде былай дейді:
«Константинополь (Ыстамбұл)
бір күні сөзсіз алынады. Оны алған қолбасшы
–
не-
ткен керемет қолбасшы! Оны алған әскер неткен та-
158
Бұхари, Мәғази, 83; Мүслим, Фәда’илу’с-Сахабә,98.
159
Бұхари, Мәнақиб, 25; Мүслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 98, 99.