

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
126
дүние мен ақиреттің пайдасына шақырып, екі дүниеде
де бақытқа кенелуімізді қалайды. Ақиреттің азабынан
құтылуымызды ойлайды. Олай болса, Аллаһ тағаланың
(النّبِيّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ)
«
Пайғамбар мүміндерге
өздерінен де артық
»
149
деген.
Пайғамбарымыз:
«Менімен сендердіңжағдайларың
от жаққан адамның жағдайына ұқсайды. От жаққан
кезде пәруаналар отқа түсе бастайды. Әлгі кісі олар-
ды қуып (отқа түсірмеу үшін) жақындатпауға ты-
рысады. Мен де сендерді оттан (тозақтан) құтқару
үшін етектеріңнен тартып ұстауға тырысамын. Ал
сендер қолымнан сытылып шығып кете бересіңдер»
150
,
–
дейді.
Пайғамбарымыз бір сөзінде үмбетінің күнәлары
үшін Аллаһ тағаладан жарылқау тілейтінін былай-
ша баяндайды: «Саяхаттап жүретін періштелер бар,
маған үмбетімнің сәлемін жеткізіп отырады», – деді
де, артынша: «
Өмірде болғаным сендер үшін жақсы,
өзара сөйлесіп, сұхбаттаса аламыз. Жан тәслім
еткенім де сендер үшін қайырлы, сендердің амалдарың
ұсынылғанда, игі амал болса Аллаһқа шүкір етемін, ал
егер жаман іс болса Аллаһтан сол амалдың иесі үшін
кешірім тілеймін
»
151
, – дейді.
47. Ғайыпты білетін бе еді?
Бір нәрсені көрмеу, білмеу сынды кемшіліктер әу
бастан адамға тән. Ғайыпқа илану мұсылманның бір
артықшылығы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке,
болмысқа тәуелді бола отырып, ғайыппен әрдайым
бетпе-бет келеді. Ғайып – адамзаттың өзінен бастап
149
«Ахзаб» сүресі, 6-аят.
150
Бұхари, Риқақ, 26; Мүслим, Фәдәил, 17-19
151
Ибн Сайд, Табақатүл күбра 2/194; Мүснад әл-Бәззәр 1/307