

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
129
ны сөзсіз еді. 622 жылы римдіктер қайта күш жинап
Парсыларға соққы беріп, жеңіске жетті. 627 жылы екі
жақтың әскерлері соғысып, римдіктер парсылардың
отарлап алған жерлерін азат етіп, өздеріне қайтарып
алды. 630 жылы Парсылардың басшысын жеңіп, Құдыс
жерін өздеріне қайтарады. Осылайша аятта айтылған
«бірнеше жыл ішінде» дегені 3 пен 9 жыл арасын
білдіретін болғандықтан, аят түскеннен кейін 9 жылдың
ішінде аят ақиқатқа шықты.
Бұл аяттағы тағы бір мұғжиза, ол кезеңдегі
ешкімнің білуі мүмкін емес географиялық нақтылық.
«Рум» сүресінің 3-аятындағы
«Әднәл-ард
» сөзін
тәпсірші ғалымдар «
ең жақын жерде
» деп тәпсірлесе
де кейбір тәпсіршілер бұл сөздің тікелей мағынасын
алып «ең төменгі жер» деп түсіндірген. Бұл мағынаны
алғанда римдіктердің «дүниенің ең төмен жерінде»
жеңілгендіктері шығады. Қазіргі таңда жер шарының
ең төмен жері «Лут көлі» (Өлі теңіз) болғанын көреміз.
Бұл жер, теңіз денгейінен 399 метр төмен орналасқан,
сондықтан қазіргі зерттеулер нәтижесі бойынша ең
төменгі жер осында. Ал римдіктердің ең ауыр соққыға
ұшырап, жеңіліске ұшыраған жері осы «Лут көлінің»
маңындағы Құдыста болған. Олай болса, ол кездері
жердің ең төменінің қайда екендігін және ол жер-
де жеңіліске ұшыраған римдіктердің қайта жеңіске
жететінін бір Аллаһтан басқа ешкім білмейтін.
Бұл аят түскенде Әбу Бәкір мүшріктерге: «Аллаһ
сендерді ешқашан табысқа жеткізбесін! Аллаһтың
атымен ант етемін, бірнеше жыл ішінде римдіктер
парсыларды жеңеді», – дейді. Сонда қарсы тараптағы
Үбәй ибн Халаф Әбу Бәкірмен үш жылға он түйеге
бәстеседі. Осы жайтты естіген Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу
Бәкірге: «Бірнеше жыл» деген 3-тен 9-ға дейінгі сан,