

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
132
маша әскер!»
160
Осы сөз Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
аузыннан шыққаннан бері қаншама сахабалар мен
дінді жеткізуді өзіне міндет еткен мұсылмандар сан
рет Ыстамбұлдың түбіне дейін келіп, оның іргесіне ат
басын тіреп тұрып, ала алмай кері қайтқан. Соңында
Фатих Сұлтан хадистегі сүйінші хабардың іске асуына
себепкер болды. 1453 жылы 6 сәуірде Стамбулды азат
етіп, Пайғамбарымыздың бұл айтқан сөзі де Аллаһтың
қалауымен орындалды.
48. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа
болашақ жайлы айтатындарға сену
дұрыс па?
Болашақты айту жайлы сөз қозғалғанда бірінші ке-
зекте көріпкелдер мен балгерлер ойға түседі. Келешек-
ке байланысты бұлардың айтқандары өтіріктен, ары
кетсе болжамнан аса алмайды. Бұған дәлел Айша ана-
мыз (р.а.) жеткізген хадис:
«Бірде бір топ кісі сәуегейлер жайлы сұрағанда,
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олардың айтатыны шындық
емес», – деді. Сауалды қойғандар: «Кейде олардың
айтқандары рас шығып жатады», – деді. Сонда
Аллаһ елшісі (с. ғ. с. ) оларға: «Ондай ақиқат сөздерді
жындардың бірі алдымен (періштелерден) ұрлап
алып, кейін оны досының (яғни, балгердің) құлағына
сыбырлайды. Ал, балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз
өтірік қосып (болашақты білетіндей бал ашады) –
деп түсіндірді», –
деген
161
. Бір сөзінде:
«Кімде-кім
бақсы-балгердің қасына барып, айтқандарына сеніп
қуаттаса, Мұхаммедке (с.а.с.) түсірілген аянға қарсы
160
Мүстәдрак, 4/422; Мүснәд, 4/335.
161
Хадистер жинағы, Асқар Болатұлы, 698 б. «Көкжиек»
баспасы 2011ж; Бұхари, Таухид, 57.