

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
122
«Уа, Раббым! Мен үшін үмбетімді кешір! Уа, Раб-
бым! Үмбетімді құтқар!Уа, Раббым, үмбетімді кешір»,
– деп жалбарынамын. Сол сәтте маған: «Мұхаммед!
Үмбетіңнен есепке тартылмайжаннатқа кіретіндерін
жаннат есіктерінің оң жағындағы «бабул-айман»-
нан кіргіз! Олар жаннаттың басқа есіктерінен де
кіре алады», – деп айтады. Сосын Аллаһ елшісі сөзін
жалғастырып: «Шыбын жанымды құдіретті уысын-
да ұстаған Аллаһқа ант етейін, жаннат есіктерінің екі
қанатының ара қашықтығы Мекке мен (Бахрейндегі)
Хажар немесе Мекке мен (Сириядағы) Бусра арасын-
дай өте кең болады», –
дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қыл көпірден өтіп бара
жатқанда үмбетінен кейбіреулерінің жолда қалып
қойғандығын біледі. Ол күні мейірімді Пайғамбарымыз
(с.а.с.) көпірдің басында тұрады. Үмбеті қыл көпірден
өтерде астындағы тозаққа түсуден қауіптеніп: «Уа,
Мұхаммед! Бізге жәрдем бер», – деп жалбарынып
жатқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «
Уа, Раббым! Үмбетім,
үмбетім. Мен бүгін өзімнің жағдайымды, тіпті қызым
Фатиманың да жағдайын ойламаймын. Мен үмбетімді
қалаймын
», – деп Аллаһқа жалбарынады.
Бір хадисте «
Аллаһ тағаладан бір періште
келіп, үмбетімнің жартысын жаннатқа кіргізу
мен ақиретте шапағат ету арасында таңдауымды
ұсынды. Мен ақиретте шапағат етуді таңдадым.
Шапағат өте кең әрі жеткілікті. Сіздер бұл шапағат
тек қана үмбетімнің тақуаларына ғана бұйырады
деп ойлайсыздар ма? Ол үмбетімнің қателік пен күнә
істегендеріне, күнәға белшесінен батқандарға
», –
деп жаннатқа үмбетінің жартысы емес шапағатымен
барлығының кіруін қалайды.