

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
118
ауыр келетіні айтылған. Біреу ауырса дереу өзі бара-
тын немесе біреуді жіберіп жағдайын сұраттыратын.
Аш болса қолындағыны беріп қажетін тауып беретін.
Бір хадисінде
«Кімде-кім артына дүние қалдырса, ол
туыстарына қалады. Ал кімде-кім артынан қарыз не-
месе бағуға мұқтаж адам қалдырып дүниеден озар
болса, қарызының өтелуі мен бағылуы керек адамға
мен жауаптымын»
143
деп уәде еткен. Бір сөзінде Аллаһ
елшісі (с.а.с.):
«إِنّمَا أَنَا لَكُمْ بِمَنْزِلَةِ الْوَالِد»
«
Шындығында, мен
сіздерге әке секілдімін
», – деп мұсылман үмбетіне
қаншалықты жақын, жанашыр екендігін әке мен
баланың қарым-қатынасына ұқсатқан. Әке баласына
қалай мейірімді, тіпті тапқан табысы мен өмірін соған
арнаған болса, Пайғамбарымыз да өмірін үмбетіне со-
лай бағыштаған. Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
жұбайлары мүміндердің аналары екендігі айтылса, бұл
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) барша мүміндердің
әкесіндей жанашыр екендігін білдірген.
Үмбетіне әрдайым дұға ететін
Аллаһ елшісі ақиретке дейінгі мұсылман үмбетінің
барлығы үшін дұға етіп жалбарынатын. Түнгі тәтті
ұйқысын бұзып, жылы төсегінен тұрып таң атқанға
дейін үмбеті үшін Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға
тілейтін. Бір күні Пайғамбарымыз екі қолын жайып:
«
Аллаһ тағалам, үмбетімді қорға, үмбетіме мейірімді
бол!»
– деп дұға тілеп отырғанда, Аллаһ тағала
Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Шындығында, Раббың
барлық нәрсені білуші, сен барып, Мұхаммедтің не
үшін жылап отырғанын сұра», – дейді. Жәбірейіл
келіп, жылауының себебін сұрағанда, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оған үмбеті үшін жылағанын айтты. Жәбірейіл
143
Мүслим, Фараиз 15