Previous Page  116 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

116

мені қатты жақсы көретіндер. Тіпті олар мені

өзінің баласынан да, әкесінен де артық жақсы көреді.

Ей, Әбу Бәкір! Мен сені жақсы көргенім үшін олар

сені де жақсы көреді, мұны қаламайсың ба?» – деп

сұрағанда, Әбу Бәкір: «Қалаймын, Аллаһтың елшісі

– дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «

Менің саған де-

ген сүйіспеншілігім үшін олар сені жақсы көреді, мен

де оларды жақсы көремін

», – дейді

139

. Осылайша Аллаһ

елшісі (с.а.с.) өзінен кейін келетін мұсылман үмбетін

қатты құрметтейтінін, тіпті өте жақсы көретінін

білдіріп, оларды «бауырларым» деп атаған. Алайда

дүниеде бауырларын көрмесе де ақиретте өзінен кейінгі

келген үмбетінің баршасын қалайша танитындығын

мына сөзімен түсіндіреді.

Әбу Хұрайра риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі

(с.а.с.) бір күні мазарға барып: «

Ей, қабір иелері,

Аллаһтың сендерге сәлемі болсын. Иншаллаһ, бір күні

біз де сіздердің қатарларыңа қосыламыз», – дейді де,

артынша: «Бауырларымды сағындым, оларды көргім

келеді», – дейді. Сонда сахабалар: «Аллаһтың елшісі,

біз сенің бауырларың емеспіз бе?!» – деп таңданғанда,

Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар,

ал бауырларым әлі келген жоқ», – деп сөзінің астарын

түсіндіреді. Артынша сахабалар: «Аллаһтың елшісі,

үмбетіңнен әлі келмегендерді қалайша танисың?» –

деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Бір адамның

маңдайы қасқа, аяқтары ала аты болса, оны бір топ

қара аттардың ішінен тани ала ма?» – деп сұрайды.

Сахабалар: «Әрине, тани алады», – деп жауап берді.

Артынша Аллаһ елшісі (с.а.с.): (Менен кейін келетін)

бауырларым да дәрет алғандықтан жүздері мен

аяқтары нұрлы күйде жарқырап келеді. Мен олардан

139

Шархул-Мәзәхиби Әһлі Сунна 100-хадис.