

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
115
махмудтыңберілуібаршамұсылманүмбетініңқуанышы,
сондықтан мұсылман үмбетінің Пайғамбарымызға
(с.а.с.) мақам махмуд дәрежесін жетуін тілеуі орынды,
тіпті қажет. Әрбір азан оқылғаннан кейін де «
уабасһу
мақаман махмуданил-ләзи уаадтаһ
» (Өзің уәде еткен
мақтаулы дәрежені Пайғамбарымызға (с.а.с.) бере көр)
деп Аллаһқа дұға етеді. Жабир ибн Абдуллаһтан жет-
кен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп өсиет
еткен: «
Кімде-кім азанның даусын естігенде: «Осы
кемшіліксіз шақыру мен толық оқылатын намаздың
Раббысы, Аллаһ тағалам! Мұхаммедке (с.а.с.) уәсилә
мен жоғары дәрежені нәсіп ет және оны Өзің уәде
еткен мақтаулы орынға жеткіз» деп айтатын болса,
ақиретте оған шапағатым тиеді
»
138
деген.
46. Үмбетін қаншалықты жақсы көрді?
Мұсылман үмбеті Аллаһ елшісін жақсы көргені
секілді Пайғамбарымыз да үмбетін өте қатты жақсы
көрді. Тіпті жанындағыларды сахабаларым десе, өзінен
кейін келетін біздер мен ақиретке дейінгі келетін
мұсылмандарды «бауырларым» деп өзіне жақын
тартқан.
Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Бір күні Аллаһ
елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір және Омармен бірге Айшаның
үйінде болатын. Мен ол кезде жасым он бесте еді. Аллаһ
елшісі (с.а.с.): «Шіркін, бауырларыммен жолыққанда
ғой! Оларды қатты сағындым!» – дейді. Сонда Әбу
Бәкір: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің бауырларың
емеспіз бе?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«С
ендер менің сахабамсыңдар, менің бауырларым
мені көрмегендер. Мені растап, иман келтіргендер,
138
Бұхари, Азан, 614.