

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
110
таптап жаншып өтеді. Жәбірейіл (а.с.): «Бұлар пай-
ыз жегендер, өздеріне-өздері шайтан шақырған адам-
дар сияқты»
127
деп түсіндірді. Одан кейін әйелдердің
бір қарасы кеуделерінен, енді бірі аяқтарынан ілмекке
ілінген күйі бастары төмен салбырап тұр екен. «Бұлар
зина жасаған және балаларын өлтірген әйелдер», –
деді»
128
.
Міне, осылайша тозақтың шынайы бейнесін
көрген Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде:
«Егер менің
білгенімді білгендеріңде, аз күліп, көп жылар едіңдер»
129
деген.
44. Пайғамбарымыз (с.а.с.) уланғандықтан
шейіт болып дүние салды ма?
«
Аллаһ сені адамдардан қорғайды
»
130
деген аят
түскеннен соң дінді адамдарға жеткізу жолында барын
салды. Ешбір дұшпаны оған зиянын тигізе алмады.
Мысалы, Умайр ибн Уаһб, Сафуан ибн Умайя, Амир
ибн Туфайл секілділердің қастандықтарынан Аллаһ
тағала құтқарған.
Мұсылмандар Хайбар соғысында жеңіске жеткен
болатын. Ойсырай жеңіліп, іштері күйген яһудилер
қысастықпен тағы бір зымиян айла ұйымдастырмақ
болып, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) у беріп өлтіруге
әрекеттенеді. Яһуди Сәлам ибн Мишкәмның қызы
Зейнеп у беруді мойнына алды. Сосын жаңа сойылған
ешкіні жақсылап пісірді де, барлық жерін улап тастады.
Пайғамбардың (с.а.с.) ешкінің қол етін жақсы көретінін
біліп, сол жеріне уды көбірек септі.
127
«Бақара» сүресі, 275.
128
Бұхари, Саләт 1; Әнбия 5, 22; Мүслим, Иман 263-264
129
Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд, 3 т. 210 б; Бұхари, Сахих, 5 т,190
б; Тирмизи, Сүнән, 5 т, 557 б.
130
«Мәида», 67.