

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
109
жеріне қайта орнықты, Малик періште оның үстіне жа-
буын қайта жауып қойды
125
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тозақта сусыз азапталып
жатқандарды, азап кісендері мен шынжырларын, азап-
таушы жылан мен шаяндарды және басқа да түрлі
азаптауларды көрді
126
. Бұл жайында Аллаһ елшісі
(с.а.с.) былай деген:
«(Тозақта) түйенің ерніндей
салпиған еріндері бар біреулерді көрдім. Жандарын-
да жүрген бірнеше жазалаушы әлгілердің еріндерін
кесіп алып, ауыздарына қызып тұрған тасты сала-
ды. Жалын шашқан қара тастар бұлардың артынан
шығады. Мен Жәбірейілден (а.с.) бұлардың кім екенін
сұрағанымда: «Жетімнің малын жегендер», – деді.
Тағы бір топ адамның терісі сыпырылып алынады да,
ауыздарына тығындалады. Оларға: «Жегендеріңдей
жеңдер», – делінеді. Көрген жанның жүрегі ауыра-
тындай жиіркенішті көрініс. Жәбірейіл (а.с.) маған
бұлардың елді қудалап, іріткі (фитнә) шығарып,
жұртқа тіл тигізіп, намыстарын аяққа таптаған
күнәһарлар екенін айтты. Тағы бір топ біреулердің
алдына дастарқан жайылып, мен көрген еттердің ең
жақсысынан дайындалған кәуаптармен қатар өлексе
қойылыпты. Әлгі кісілер тәуір етті жемей, бәрі
бірдей өлексеге қарай ұмтылып соны жеді. Жәбірейіл
(а.с.) олардың дүниеде Аллаһтың халал еткенін емес,
харам еткен ісін істеген зинақорлар екенін айтты.
Тағы бір адамдардың үйдей-үйдей қарынын көрдім.
Бұлар Перғауын отбасының жолын ұстанғандар екен.
Перғауын отбасы таң мен кеште отқа тасталғанда,
бұларға келіп соғылады екен. Сосын қарыны ауыр ба-
сып құлап түседі. Артынша перғауын отбасы бұларды
125
Ибн Исхақ. Ибн Һишам, Сира, 2 т, 45-46 б.
126
Ибн Асир, Камил, 2 т, 55 б.