

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
105
Ол шынында Раббының ұлы белгілерін көрді»
123
деп
баяндалады.
Осы бір құтты оқиғадан кейін Аллаһ расулы
көргендерін қаумалаған жұртқа жеткізді. Арам ниетті
Мекке мүшріктері, әрине, бұған сенбеді. Олардың
сенуі де мүмкін емес еді, өйткені бұл оқиғаға ғайыпқа
иман келтірген мұсылмандар ғана сенеді. Себебі бұл
ақылға салатын, дүниелік қағидаларға сай оқиға емес,
сондықтан Аллаһқа, пайғамбарға сенетіндер ғана бұл
оқиғаға сенеді. Имансыздар миғраж мұғжизасына
иланбағандарымен қоймай, Аллаһ елшісін (с.а.с.) тек-
сермек болып, Құдыс туралы бірнеше сұрақ қойып:
«Егер Ақса мешітіне кіріп намаз оқыған болсаң, сол
мешітті бейнелеп бер», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
онда намаз оқығанда мешіттің тіректерінің қанша
екендігін, ішінің қандай екендігіне аса мән берме-
ген болатын, сондықтан Аллаһ тағала Ақса мешітінің
бейнесін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз алдына
елестетіп, бейнелеп береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сұрақтарға айна-қатесіз жауап береді. Мүшріктер
қарап қалмай, сол жаққа қарай кеткен керуендерді де
сұрап, өтірігін шығармақ болып әлектенді. Бұған да
жауап айтылып, керуенді көргендігін, тіпті керуендегі
түйелердің саны, қашан келетіні, керуенді қай түйенің
бастап келе жатқанын – бәрін тұп-тура баяндағанда
бәрінің аузына құм құйылды.
Кейбір мүшріктер бұл оқиғаға Әбу Бәкір сенбейді
деп ойлап, Әбу Бәкірге хабар жібереді. Бұл жағдайды
естіген ол: «Егер мұны пайғамбар айтса, міндетті түрде
айтқаны рас, мен оған сенемін, тіпті ақылға сыймай-
тын басқа нәрселерді айтса да сенер едім», – деп жауап
береді.
123
«Нәжм», 1-18.