

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
104
өйткені миғраж – жын мен періштелер және басқа да
жаратылыстардың ешбіріне нәсіп болмаған Аллаһ
тағаланың сыйы.
Аллаһ елшісі Рахманның Нұрын тамашалады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаннатта мүміндерге уәде
етілген Аллаһтың Жамалын (көркем дидарын) көріп,
кеңістіктен тыс осынау тұста рақымды Раббысымен
ешбір дәнекерсіз дидарласты. Қайтар сәтінде мүминдер
үшін ең қасиетті парыз болып саналатын бес уақыт на-
маз бұйырылды.
Бұл мұғжиза Құранмен де, сахих хадистермен де
дәлелденген. Құранда:
«Бір түнде Харам мешітінен
айналасына құт дарыған Ақса мешітіне өз құлын
апарған Аллаһ кіршіксіз пәк. Бұл құдіретіміздің
дәлелдерінің көрсетілуі үшін істелді. Шындығында,
Аллаһ барлығын естиді, көреді»
122
десе, тағы
бір аятта «Батып бара жатқан жұлдызға серт.
Жолдасың (Мұхаммед) адаспады да азбады.
Ол өздігінен сөйлемейді. Айтатыны өзіне аян
етілген уахи ғана. Оған мұны үйретуші өте ұлы.
Қуатты періште Жәбірейіл өзінің кемел бейнесінде
тура қарап тұрды. Биік кеңістікте. Одан соң ол
жақындап, төмендей берді. Пайғамбармен аралығы
садақтың иілген екі басындай жақын келді. Аллаһ
уахи еткендерін пендесінің көкейіне Жәбірейіл
арқылы салды. Көзімен көргендерін көңілі жоққа
шығармады. Сендер көзбен көргендері жайлы оны-
мен айтыспақсыңдар ма? Рас, ол Жәбірейілді екінші
рет көрді. Сидратул-Мүнтаһаның жанында. Мәуа
жаннаты оның жанында. Сидратул-Мүнтаһаны
Аллаһтың нұры бөлеген кезде. Пайғамбардың көзі
оңы не солына таймады. Немқұрайлы қарамады.
122
«Исра» сүресі, 1.