Previous Page  100 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

100

Пайғамбар

сөздері

(с.а.с.)

үлкен

діни

жауапкершілікті арқалағандықтан, қияметке дейін

келіп-кетер адамдардың бәріне жол көрсетпек. Хади-

стер бір жағынан Құранның алғашқы түсініктемесі,

екінші жағынан өз алдына діни үкімдердің қайнар көзі

болғандықтан, айтылғанындай айна-қатесіз жеткізілуі

өте маңызды. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисті

қате жеткізуге немесе оның атынан жалған айтуға қатаң

тыйым салған.

Жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Аллаһ

елшісінің (с.а.с.) жиені Зүбәйір ибн Аууам өте аз хадис

риуаят еткен екен. Өз ұлы келіп не үшін мұншалықты

аз хадис риуаят еткенін сұрағанда, Зүбәйір

«Кімде-

кім менің атымнан өтірік сөз айтатын болса, өзіне

тозақтан орын дайындай берсін» де

ген хадисті алға

тартып, бұл жауапкершіліктің оңай іс емес екенін

білдірген. Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

хадистерін сахабалары аса ұқыптылықпен жеткізуге

тырысып, бір әрпінің де өзгермеуіне аса көңіл бөлген.

Хазірет Али хадисті жеткізудегі жауапкершілік пен

қиындықты былай деп жеткізеді: «Мен үшін хадис

жеткізуден гөрі аспаннанжерге құлап күл-талқанымның

шыққаны анағұрлым жеңілірек».

40. Өзге діндердің кітаптарын оқып

сауат ашқан ба?

Пайғамбарымыздың

(с.а.с.)

кісіден

сабақ

алмағанына Құран кәрімде дәлел жетіп артылады.

Заманаға үстемдігін жүргізетін, сансыз мұғжизасы

танылған, ешбір адам тарабынан сынға ұшырамаған,

мінсіздігі жұртты еріксіз таңдандырған Құран кәрімді

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «қараңғылық» деген заман-

да өмір сүрген меккеліктерден үйренді деу ақылға