

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
97
Аллаһқа жақын болу мен хақ дінді жаю ісін тең
ұстаған, өне бойы биязылық пен әдептілікке тұнып
тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.) қай жағынан алғанда да,
барша адамзатқа үлгі.
Бір күні Ибн Масғуд Аллаһ елшісінің нәпіл намаз
оқып тұрған кезіне жолығады. Көп ойланып жатпастан
дереу оның артына ұйып тұра қалады. Бұл оқиғаны өзі
былай баяндайды: «Артына ұйып тұра қалдым, небәрі
екі-ақ рәкат намаз еді, бірақ Аллаһ елшісі сүрелерді ұзақ
оқыды. «Бақара» сүресін бітіргенде рукуғқа баратын
шығармыз деп ойладым, бірақ ол «Әли Имран» сүресіне
өтті. Ол біткенде, «Енді рукуғқа баратын шығармыз», –
деп, көңілім байыз таппай тұр еді, іле «Ниса» сүресін
бастап кетті. Рукуғқа бармастан «Мәида» сүресін де
оқи бастады. Алғашқы рәкаттың өзінде-ақ осы төрт
сүрені, яғни Құранның 124 бетін оқыды. Шыны керек,
сол уақытта маған бір ой келді. Жанында отырған саха-
балар: «Не ойладыңыз?» – деп сұрағанда, Ибн Масғуд:
«Сабырым жетпей кеткендіктен, намазды сол жерден
үзсем бе екен дедім»
117
– дейді.
«Аллаһ елшісінің бойында сендерге үлгі боларлық
көп қасиеттер бар» деп Құранда айтылғандай,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғибадатты орындауда іс жүзінде
барша мұсылмандарға үлгі көрсеткен. БұныИбнМасғуд
секілді ең алдыңғы қатарлы сахабаның өзі оның оқыған
намазына шыдай алмағанынан-ақ аңғаруға болады.
Аллаһ елшісінің құлшылықта әрқашан алда болғаны
осыдан-ақ белгілі.
117
Кандаһлауи, Хаятус -сахаба, 3/503.