Previous Page  93 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

93

салатыны сияқты муауизатайнды оқып, дем үрлеп,

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолымен денесін сипай

бастадым»

105

дейді.

37. Намазы қандай еді?

Пайғамбарымыз намаздағы әрбір қимылын ерек-

ше ықыласпен орындайтын. Сырт көзге өмірі тек

құлшылықтан тұратындай әсер беретін. Тіпті бір

хадисінде «

Менің ең үлкен қуанышым намазда. Намаз –

көзімнің нұры, рухани ләззатым

»

106

– деп, намазға деген

құштарлығы, дүниедегі қызығарлық барлық нәрседен

артық екендігін меңзеп айтқан. Оның әрбір намазы

Аллаһтың құзырына жетелейтін «миғраж» секілді еді.

Бұл турасында «

Аллаһты көріп тұрғандай намаз оқы.

Сен Аллаһты көрмесең де, Ол сені көріп тұр

»

107

– деп,

соңғы рет намаз оқып тұрғандай, яғни, ихсан деңгейінде

намаз оқу керектігін өсиет еткен.

Екі жиһан сәруары (с.а.с.) дұғасында: «Уа, Аллаһ

тағалам!Дұрыспенбұрыстыңарасыналыстатқаныңдай,

мені де қателіктерімнен алыстата гөр. Уа, Аллаһ

тағалам! Ақ киімді кірден тазаланғаныңдай, мені

де қателіктерімнен тазарта гөр»

108

– деп шынайы

ықыласпен тілек тілейтін. Намазға ықыластылығы

соншалық – парыз болған намаздармен бірге нәпіл на-

маздарын да оқитын. Бес уақыт парыз бен сүннет на-

мазына «дұха», «әууабин», «таһажжуд» секілді нәпіл

намаздарды да қосып оқып, құлшылыққа ерекше

ынтызарлығын байқатқан.

105

Бұхари 4439

106

М. Юсуф Кандаһлауи: Хаятус -сахаба 3т. 500 б.

107

Бұхари, Иман 1/27.

108

Әбу Дәуіт, Хаким