

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
88
бірге отыратын. Балаларға сәлем беріп, бірі қолынан
ұстап бір жерге апармақ болса еріп кететін. Жұрт жұмыс
істеп жатқанда қол қусырып қарап тұру оған тән емес
еді. Науқас жандарға барып, көңілін сұрайтын, жаназа
шығаруға қатысып, құлдардың шақырғанына баратын.
Бір күні алдына келіп сасқалақтап сөйлей алмай қалған
кісіге Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Бауырым, қорықпа.
Мен де қатқан нан жеген әйелден туғанмын», –
деген
.
36. Науқас адамдарды емдеген бе?
Аллаһ елшісі (с.а.с.) нұры кеткен, адасқан
жүректерді емдеуші көңілдерге жұбаныш, қайғы
мұңдағыларға үміт сыйлайтын рухани дәрігер десек
болады, өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың жан-
дүниесін байытып, екі дүниенің бақытын сыйға тар-
тып, дін Исламды таратушы. Адамдарға имандылықты
үйретті, ақиретіне пайдалы ізгі амалдарды, Аллаһтың
алдындағы құлдардың міндеттерін түсіндірді. Алайда
бұл мақсатымен қоса жанындағы кейбір адамдарды
науқасынан емдеп жазды.
Ибн Аббас былай дейді: «Пайғамбарымызға (с.а.с.)
ақыл-есі кем бір баланы алып келеді. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) мүбәрак қолын оның көкірегіне қойды. Артын-
ша бала құсты, аузынан қияр көлеміндей қара нәрсе
шықты да6 бала науқасынан айығып кетті»
82
.
Тағы бір риуаятта Мұхаммед ибн Хатип есімді
бала ыдыстағы қайнаған су төгіліп, қолын түгелімен
күйдіріп алыпты. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның
қолын сипап, түкірігін сүрткен екен, көп уақыт өтпей
баланың қолы жазылып кетеді
83
.
82
Дарими, Муқаддима: 4. Мүснад, 1:254;
83
Қади Ияд, әш-Шифа, 1:324; Али әл-Қари, Шарһул-шифа,
1/657.