

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
90
емдесін
», – деген
85
. Әр салада өзінің маманына бару-
ды қалаған Аллаһ елшісі науқас адамның да білікті
дәрігерге баруын дұрыс санаған. Білімсіз адамдардың
емшілік жасап, дәрігерлікпен айналысуына тыйым са-
лып былай деген: «
Кімде-кім білімі болмастан ешмілік
(дәрігерлік) жасаушы болса, зиян тигізген жағдайда
қарымын өтейтін болады
»
86
.
Аллаһ елшісі денсаулық Аллаһтың адам бала-
сына берген үлкен нығметі екендігін:
«Адамдардың
көпшілігі қадіріне мән бермейтін екі нығмет бар:
денсаулық пен бос уақыт
»
87
деп хадисте білдіреді.
Егер науқастанған болса оны емдеу керектігі жайлы:
«
Аллаһ тағала дертті де, оның шипасын да бергені
секілді оны емдейтін дәрісін де берген, сондықтан
емделіңдер, алайда хараммен емделуші болмаңдар
»
88
деп емделуге, дертіне дауа болатын дәрі-дәрмек іздеуге
шақырған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамның тәні –
Аллаһтың адам баласына берген аманаты, сол үшін
оны сақтау, науқастанса емделу діннің талабы екендігін
меңзеген, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) ауруына
шағымданып келген науқастарға кейбір емделу жол-
дарын көрсеткен. Мысалы, төмендегі хадистер соны
көрсетеді:
–
«
Адамның ыстығы артқанда, ыстықтың зия-
нынан қан алдыру арқылы емделіңдер. Қатты ыстық
қан қызуын арттырып, өлімдеріңе себеп болмасын
»
89
.
–
«
Шындығында, қара зере «сәмнен» басқа барлық
дертке шипа
», – дегенде Айша анамыз «сәмнің» не
85
Әбу Дәуіт, Тиб 12.
86
Әбу Дәуіт, Диат 23; Насаи, Қасама 41.
87
Байһақи, Риқақ 1; Тирмизи, Зүһд 1; Ибн Мажә Зүһд, 15.
88
Әбу Дәуіт, Тиб 11
89
Румузул-Ахадис:71/6.