Previous Page  89 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

89

Хайбар соғысының алдында Алидің (р.а.)

көзі ау-

ырып жатып қалған болатын. Пайғамбарымыз оны де-

реу шақыртып алып мүбәрак түкірігін алып, хазіреті

Алидің (р.а.) көздерін сүртті. Хазіреті Али (р.а.) ант

ете отырып:

«Одан кейін көзім еш ауырған емес», –

деп қуанады. Осы секілді тағы бір риуаятта ер жеткен

мылқау бала Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанына келеді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Мен кіммін?» – деп

сұрайды. Сонда сөйлей алмайтын бала: «Сен Аллаһтың

елшісісің», – деп сөйлеп кетеді. Сол бойда баланың тілі

шығып, сөйлеп кеткен екен

84

. Әрине, бұлардың барлығы

Аллаһ елшісіне тән пайғамбарлық қасиет. Оның емдеуі

Аллаһтың қалауымен орындалады. Әрі бұл оқиғаларды

көрген сахабалардың иманы артып, дінге деген беріктігі

нығая түсті.

Медицина саласы дамыған кезеңде Иса (а.с.)

пайғамбар келіп, ол салада алапес ауруын емдеу,

өліні тірілту секілді түрлі мұғжизалар көрсетіп,

өзінің Аллаһтан келген елші екендігін дәлелдеп дінді

түсіндірген болатын. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз

(с.а.с.) шешендік өнер саласы дамыған уақытта,

қарапайым халық жай сөзбен емес өлең сөзбен

сөйлейтін дәуірде Құран мұғжизасымен келіп, бар-

ша адамдарды Құранның сөздеріне бас игізді. Өзінің

Аллаһтан келген елші екендігін мойындатты. Негізгі

мақсат-мұраты дінді жеткізу болғандықтан, Аллаһ

елшісі (с.а.с.) өзіне келген кейбір науқастарды білікті

дәрігерлерге жіберіп, халыққа дін Исламды, Құранды

түсіндіруге тырысқан. Бірде сахаба Сағд ибн Уаққас

науқастанған еді, сонда оны зиярат етіп келген Аллаһ

елшісі (с.а.с.) оның ауыр халде жатқанын көріп: «

Ха-

рис ибн Калдейді шақырыңдар, ол жақсы емші, келіп

84

Қади Ияд, әш-Шифа,1:319; әл-Бидая уан-ниһая, 6:158-159.