

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
84
деп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүміндерге деген
мейірімінің шексіздігін айтып сипаттаған. Олай бол-
са, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аса мейірімді, жанашыр
болуы Жаратушының мүмін құлдарына жасаған үлкен
нығметі
75
.
Уақыт, мүмкіндік, ыңғайлы жағдай керек ететін
бірнеше мәселеде бір адамның ең үлкен, ең тама-
ша мінез-құлыққа ие болуы, көп қасиетті қатар ұстап
жүре алуы оның пайғамбарлығының алып шоқтығын
аңғартады.
34. Әзіл айтатын ба еді?
Мүминнің әзіл айта білуі, жалпақ жұртқа қуаныш
сыйлай алуы жақсы қасиет, бірақ жұртты күлдіру бір
бөлек те, күлкі болу мүлде бөлек. Оның үстіне айтқан
әзіліңіз даңғойлыққа, арсыз күлкіге негізделмей,
орынды, ойлы қалжың болғаны дұрыс. Орынды әзіл
айту кісіні ойлануға апарады. Бұл дегеніңіз кісінің
тапқырлығы мен ой-өрісінің жоғарылығына байла-
нысты. Дарақы әзіл мен арзан күлкі кісіні ессіздікке,
жүрегінің қараюына алып келеді. Кейде кісіні ренжітіп
алуға да себеп болып жатады. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
кісінің көңіліне келетін, Аллаһты ұмыттыратын күлкіге
тыйым салған. Өзі әрдайым жымиып жүрген, бірақ
қарқылдап күлген емес. Арасындағы айырмашылық
жер мен көктей.
Екіншіден, неше жерден қалжың болғанымен
сөз арасында титтей де өтірік араласпауы керек.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мен де қалжыңдаймын, бірақ
арасына өтірік қоспаймын
», – деген емес пе? Оның
75
Тафсир, Ибн Касир.