Previous Page  79 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

79

32. Көркем мінез-құлқы да

пайғамбарлығына бір дәлел дегенді

қалай түсінеміз?

Ахлақ дегеніміз – сенім мен ойлау жүйесі. Кей

адамдар көзбен көрілетін заттай мұғжизалары тұрғанда

мінез-құлық пен ахлақ сынды дерексіз дүниелерге

мән берудің жөні жоқтығын айтады, бірақ мынаны

ұмытпауымыз керек. Адамдарды ортақ ұстанымға

біріктіріп, рухани байлап тұратын, жақындықты арт-

тырып, сүйішпеншілікті тудыратындар – дерексіз деп

аталатын сенім мен сезім. Хайуаннан басты ерекшелігі

де – осы дерексіз ұғымдарға сүйенуі. Ахлақтық

құндылықтар рухани байлықтың ішінде айрықша рөл

ойнайды. Жақсы мінез-құлық табандылыққа, орта жол-

дан ауытқымауға, шектен шықпауға жетелейді. Көркем

мінездің биік шыңынан пайғамбарларды, асыл тұлға

Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) көреміз.

Көркем ахлақтың көрінісі: тақуалық, туралық,

қызылды-жасылдыдүниенің арбауына түспеу, шүкірлік,

жұмсақтық, әділдік сынды кісінің қос дүниеде мерейін

үстем ететін игі қасиеттер. БұлардыАллаһ елшісі (с.а.с.)

өз өмірінде толық іске асырып көрсеткен. Дәлел ретінде

Аллаһ оған ең ұлы ахлақ иесі екенін айтып Құранда бы-

лай дейді:

«Негізінен, сен ұлы ахлаққа иесің»

71

.

Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) ұлы көркем мінез иесі

екенін тарих та көрсетті. Надандықтың уыты қайтпаған

кезеңде ер жеткеніне қарамастан, шарап ішу, пұтқа

табыну, не болмаса ел арасында жаппай етек алған

жиіркенішті әдетке бой алдыру сынды шайтанның лас

істерінің ешбір құрығына түспегенін көреміз. Қаншама

71

«Қалам» сүресі, 4.