

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
74
онысы барлық жерге әсер етпейтін шығар. Басқа жақтан
келетіндерденсұрапкөріңдер», –депкүмәнданды.Алай-
да басқа қаладан келгендер де айдың екіге бөлінгенін,
сонан соң қайта қалпына келгенін көргендерін айтып
таңданып жатты. Сонда да арсыз мүшріктер мойында-
май, «
Бұл өте күшті сиқыр
», – десті
67
.
Құранда бұл оқиғаның нақтылығын былайша
баяндайды:
«Қиямет жақындады. Ай жарылды.
Мұғжиза көрсе, дереу теріс айналып сиқыршы
дейді. Нәпсілеріне еріп сенбейді. Істелген жамандық
та, жақсылық та алдарына келеді...»
68
.
Кейбір кісілер бұл оқиғаның Расулаллаһ (с.а.с.)
заманында болмағанын, қияметте ғана орындалаты-
нын айтқан, бірақ аятта айдың жарылғаны ап-ашық
«
Ай жарылды
» деп өткен шақтағы етістікпен айты-
лып тұр, сондықтан бұл оқиға Құранда да, сахих ха-
дистер жинағында да, көнеден келе жатқан барша
мұсылмандардың ортақ көзқарасында да бар.
Кейбіреулер: «Ай екіге бөлінсе, басқа жердегі
тұрғындар да көріп, тарихи кітаптарда қалар еді ғой»,
– деп білгірсіді. Айдың жарылғандығына дәлел ретінде
жоғарыда айтылған аят пен хадис жеткілікті, алайда со-
нымен бірге ақылға салып қарайтын болсақ мынадай
айғақтар шығады:
1. Құран «Ай жарылды» дегенде, мүшріктердің
ешқайсысы «Айдың жарылғанын» теріске шығармаған.
Өмірбаяны жазылған кітаптарында ешкімнің бұған
дау айтқаны кездеспейді. Егер ай жарылмағанда, оны
болмаған деушілердің қатары артар еді.
2. Мұғжиза жұртты пайғамбарға еркінен тыс
қинап сендіру үшін емес, иман етпегендердің көзін
67
Ахмед ибн Ханбал, 1/413.
68
«Қамар» сүресі, 1-5.