Previous Page  72 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

72

Араб әдебиеті шарықтау шегіне жеткен тұста

түскен аяттарды тыңдаған адамзат баласының аузынан

суы құрыды. Аузымен құс тістеген ақындар Құранды

естігеннен кейін көбі қолдарына қалам алмай кетті.

Сол уақытта кейбіреулер Құранға жала жабудан да тай-

салмады, бірақ жапқан жалаларына өздері де сенбес

еді. Құран тілі өздерінің ана тілі болғанымен, олардың

әлімсақтан бері қолданып келе жатқан сөз қолданысы

мен сөйлем құрылымынан мүлде бөлек, өзіне ғана тән

көркемдік пен тапқырлығы жұртты тегіс таң қалдырған.

Ойы жүйрік сөз дүлдүлдерінің өзі ұлы Құранның ал-

дында бас игеннен басқа шарасы қалмады.

Құран Аллаһтың сөзі екені және бұл тура-

лы күдігі барларды күреске шақырып:

«Егер

құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда

сендер де осыған ұқсаған бір сүре әкеліңдер. Егер

сөздерің рас болса, Аллаһтан өзге көмекшілеріңді

де шақырыңдар. Егер оны істемесеңдер, қазір

әкелмесеңдер, келешекте әсте істей алмайсыңдар.

Ендеше, отыны адамдар мен тастардан болып

кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар!»

66

деген

болатын. Алайда қаншама ғасырлар өтті, ешкім де

бір сүресіне ұқсас өлең жаза алмады. Бұл да Құранның

Аллаһтың кітабы екендігі, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны

жеткізуші пайғамбар екендігін растай түсуде.

Құран жиырма үш жылдық уақытта сұралған сұрақ,

күн тәртібіндегі мәселе, істелген қисық істің түзетілуі

сияқты түрлі оқиғалар негізінде түсті. Соған қарамастан

Құраннан ешқандай да қарама-қайшылық, жүйесіздік

таба алмаймыз. Ешкім де Құранға қатысты «мына

сөздің орнына мына сөзді қолданғанда, мына жерін

былай жазғанда» деп айта алмаған. Тілдік жағынан

66

«Бақара» сүресі, 2/23-24.