

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
78
өзіне тартып, жан-жүрегін баурап алатын. Мыса-
лы, хазірет Омарды (р.а.) Исламға шақырғанда: «Сен
секілді ақылды адамның Исламды әлі қабылдамай
жүргені қалай? Сендей адамның тастан, топырақтан
және ағаштан бір нәрсе күтіп құрақ ұшқаны ақылға
сыймайды», – деген. Әуелі осы сөздерде Омарды
дәріптеу байқалады. Аллаһ Расулы алдымен салмақты
ой тастап, ерекше ілтипатпен хазіреті Омарды өзіне
тартқан. Содан кейін ғажайып мінезімен оның жүрегін
баурады. Үшінші кезеңде құлшылықтағы тереңдігімен
өзіне үйіріп әкетіп, нәтижесінде түйелерді мойнынан
бұрап жерге жығатын Омар Аллаһ елшісінің алдында
әдепті баладай тізерлеп, басын төмен салып, құрмет
көрсететін жағдайға жетті.
г) Исмәт (күнәсіз)
Құлдарының әлсіздігі мен мұқтаждықтарын білетін
Аллаһ тағала қай дәуірде болмасын күнәға әбден
белшесінен батқан қауымды тура жолға бастау үшін
пайғамбарлардыжіберіп отырды. Соған лайық, олардың
да кез келген күнәдан тазалығы ақылға қонымды да.
Елшінің осы бір қасиеті дінімізде «исмәт» деп атала-
ды. Мағынасы пайғамбарлардың үлкенді-кішілі барша
күнәлардан таза болуы деген сөз.
Олар күнәнің үлкен-кішісінен толықтай қорғалған.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) ғұмырында екі рет тойға
баруға ниет қылған, бірақ екеуінде де Хақ тағала жол-
да ұйықтатып, тойдың ойын-сауығын көрсетпеген
70
,
өйткені тойға барғанында, көзі харамға еріксіз түсуі
мүмкін еді. Бұл кезде оған әлі елшілік жүктелмеген.
Осылайша пайғамбарлыққа дейін де еш күнәға
жуымаған.
70
Ибн Кәсир, әл-Бидәя, 350-351.