Previous Page  81 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

81

анық. Мәселен, бір адам жомарт болғанымен

тым астамшылыққа бой алдырса, бұл қасиеті

ысырапшылдыққа ұрындыруы мүмкін. Ержүректікпен

әйгіленуі мүмкін, алайда кей кезде одан қатыгездік те

шығады. Ал адамзаттың асыл тәжі (с.а.с.) болса, асыл

мінездің ең жақсыларын тұла бойына жинақтап, өз

мөлшерінен асырмай, орта жолдан таймаған. Әлемге

үкім жүргізе алар ірі тұлға болуымен қатар, ойын ба-

ласымен бала болып ойнайтындай кішіпейілдігі адам

айтса нанғысыз. Рухы өр батыр бола тұра өте сезімтал,

жұмсақ мінезділік танытқан. Батырлығымен зәбір

көрсетуге, ал жұмсақтығымен қорлануға жол бермейтін.

Қарапайым, салмақтылығымен қатар жылы жүзді,

қарсы алдындағы кісінің жанына жылу беретін. Нар

көтере алмас ауыр жүкті арқалай алатын ер тұлғасында

ерекше жұмсақтық пен кешірім бар еді.

Жұмсақтық – кеудені ыза-кек кернеген кезде

өзін-өзі ұстау, кекшіл емес, көпшіл болу, сондай-ақ

суқаны сүймейтін істерде сабыр етуі. Тарихтан белгілі,

Пайғамбарымыз дағуатын бастағаннан-ақ қалың жұрт

қасарысып шыға келген. Арасында күштісі мен әлсізі,

ақымағы мен ақылдысы, туыстары мен туыс еместері де

барбұлкөпшіліктіңкейбіріжаңадіндішындапүйренейін

деген ниетте болса, енді бірі сөзінен сүріндірейін деп

қасақана сұрақ қоятын. Ешбір күш төтеп бере алмайтын

осынау ауыр кезеңдерді Аллаһ елшісі кешірімділігімен,

жұмсақтығымен жеңетін. Көркем мінездің шыңына

жеткен Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Өзінікі дұрыс болса да,

өзгелерменталасып-тартыспағанадамғажаннаттың

шетінен үй берілетініне кепілмін. Қалжыңдап болса

да, өтірік айтпаған адамға жұмақтың қақ ортасы-

нан үй берілетініне кепілмін. Сондай-ақ мінез-құлқын

көркейткен адамға пейіштің төрінен үй берілетініне