Previous Page  86 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

86

да Айшаның бетіне жағады, Пайғамбарымыз (с.а.с.)

бұл жағдайға да күледі

78

.

Қасындағы адамға жан тыныштығы мен сенім

ұялатқандай күлімдегені көңілге қуаныш сыйлайтын.

Риуаяттарға қарасақ, өмірінде үш рет дауыстап күлгені

айтылған.

Хадис кітаптарынан ол кісінің бірнеше жерде әзіл

айтқанын көреміз. Таң қаларлығы сол: қаншама қорлық

пен азапта жүрсе де, бір сәтке де күлімсіреген қалпынан

жазбаған. Сахабаларымен де ара-тұра әзілдесіп қоятын.

Бірде сахабалар Пайғамбарымызға (с.а.с.) «Бізбен

әзілдесіп жатырсыз ба?» – дегенде:

«Мен қалжың айт-

сам да ақиқаттан ауытқымаймын», –

деген еді

79

.

Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп мені түйеге

мінгіз дегенде:

«Мен сені түйенің ботасынамінгіземін»,

дейді. «Түйенің ботасы маған жарар ма екен?!» – деп

таңырқаған әлгі кісіге Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Барлық

түйе бір-бір інгеннің ботасы емес пе?!»

– деген екен»

80

.

Осы әзілімен де кісіні терең ойлануға, сөздің астарын

түсіне білуге, асығыс ой қорытпауға шақырып отыр.

Жұмаққа баруыма дұға ет деп келген кейуанаға

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қарт әйелдер жұмаққа кірмейді

дейді. Сол-ақ екен кейуана ағыл-тегіл жылай бастайды.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Сіз жұмаққа қазіргі

түріңізбен емес, анағұрлым жасарып кіресіз», –

деп,

Құраннан мына аяттарды оқыған екен.

«Біз оларды

қайтадан жараттық. Оларды қыз қалпына қайта

түсіреміз»

81

.

78

Хайсами, Нуриддин Али ибн Әбу Бәкір 4/320.

79

Тирмизи, Бирр, 57.

80

Ибн Сағыд, Табақат, 224.

81

«Уақия» сүресі, 35-36.